ҚИҒАШ ПЕН ЕМБІ ӨЗЕНДЕРІНДЕ СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Еділ су электр стансасынан жіберілетін су көлемінің азаюы есебінен Қиғаш өзенінде су деңгейінің аздап төмендегені тіркелді. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалы мәлім етті.

«Қиғаш-Шортанбай су бекетінде бір тәулікте су деңгейі 6 сантиметрге төмендеп, 198 сантиметрді құрады. Жалпы су деңгейінің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері 70 сантимерге жетіп отыр. Қиғаш өзеніне судың келуі Волгоград су қоймасынан судың жіберілуімен байланысты. Сондай-ақ, су деңгейі Ақкиізтоғай ауылындағы Ембі су бекетінде де төмендеген. Онда судың деңгейі тәулігіне 6 сантиметрге төмендеп, 313 сантиметрді құрады. Бұл ең жоғары көрсеткіштен 37 сантиметрге төмен» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Атырау облысында 12 гидрологиялық пункт болса, соның тоғызы өзен, үшеуі теңізде орналасқан. 

Қызметкрелер су деңгейін күніне екі рет тексеріп, мәліметтерді «Қазгидрометке» жібереді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521