ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды.
Оның айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды өзгерістерді халықтың өзі шешетін уақыт жетті. «Ауыл» партиясы конституциялық реформалар әділдік пен теңдікті нығайтып, өңірлердің дамуына серпін береді деп есептейді. Партия өкілдері азаматтарды белсенділік танытып, ел тағдырына бейжай қарамауға үндеді.



