Жылыой ауданы Жастар Ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, 1 мамыр – бірлік күніне орай, «Халықтар достығы» тақырыбында этнос аралық өнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: жастарға Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің достығын, бірлігін, татулығын нығайта түсуге үлес қосу.
Байқауға өзге ұлт өкілдері қатысты. Сайыстың 1 – кезеңінде өнерпаздар өздерін таныстырса, екінші кезеңінде қатысушылар өз өнерлерін көрсетті. Үшінші кезеңде қатысушылар ұлттық тағамдарын дайындап, тарихымен қазылар алқасына таныстырды. Қазылар шешімімен:
1 орынды Васина Анастасия - планшет.
2 орынды Романов Андреан - ұялы телефон .
3 орынды Николаева Арай - қалталы қуаттағышпен марапатталды.