«Халық заңгері» республикалық акциясы

Ауданда «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Мақсаты – тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру, өзекті мәселелерін шешуге жедел көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру. Акцияға адвокаттар, прокурорлар, полиция, әкімдік және өзге де мемлекеттік органдар өкілдері қатысып, азаматтарға кеңес берді. Көптеген тұрғын өз сұрақтарына жауап алып, нақты нұсқауларға ие болды. Іс-шара халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенім мен ашықтықты нығайтуға бағытталды. Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT