Халық мүддесі – басты назарда

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі аудан көлемінде электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бөлім арқылы мемлекеттік қызметтердің төрт түрін көрсетеді.

Атап айтқанда:

1.Сәулет жоспарлау тапсырмасы,

2.Эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу,

3. «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын беру/жою», 4.Объектілерді кейіннен кәдеге жарату, яғни ғимараттар мен құрылыстарды бұзу.

Сәулет жоспарлау тапсырмасы және эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу қызметтері - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен, «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын беру/жою» ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі №270 бұйрығымен және «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 16 қаңтардағы №14 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Сара НҰРШИЕВА,

бөлім басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT