Аталмыш акциядан жылыойлықтар да қалыс қалмады.
Мемлекет басшысы әрбір мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсетуі қажеттілігін атап өткен болатын. Ол үшін азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тапсырмасына сәйкес аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Халық заңгері» акциясы өтті.
«Кең Жылыой» мәдениет үйінде ауданымыздағы мемлекеттік орган қызметкерлері, «Жылыой – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, адвокаттар, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме басшылары азаматтарға құқық жайында кеңес берді. Сонымен қатар тұрғындарға білім, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, жер, тұрғын үй мәселелеріне қатысты дербес бөлім мамандары жауап берді.
Қ.Нұртайұлы