Халықтың жоғын жоқтаған «Атырау – Адалдық алаңы»

Адалдық алаңы

Халықтың жоғын жоқтаған «Атырау – Адалдық алаңы»

Соңғы жылдары «Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Жылыой ауданындағы өкілдігі жүйелі жұмыстарды қолға алуда. Әсіресе, «тұрмыстық» жемқорлықты жойып, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау бағытында жасап жатқан жұмыстары көңілге қонымды. Соның бірі – ашықтық пен қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептерден өзін-өзі қамту бұрышын ашу жайлы ұсыныс болатын. Себебі, елімізде қалыптасқан күрделі жағдай байланысты ауданымызда электронды цифрлы қолтаңба алу, жәрдемақыға құжаттар тапсыру қиындық туғызған еді.

Соған орай, «Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Жылыой ауданындағы өкілдігі өзін-өзі қамту бұрыштарын жайлы аудан әкімдігіне ұсыныс тастаған еді. Аталмыш ұсынысқа орай, қазіргі таңда қала, округ, ауыл шаруашылығы, халыққа қызмет көрсету ғимаратында және ауданымыздың 11 мектебінде ашылып, бүгінде жұмыс жасап жатыр. Соның нәтижесінде халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тұрмай, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышынан керек мәліметтерді алып жүр.Демек, «Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі халық игілігі үшін құрылған кеңсе екенін дәлелдеді.

Алдағы уақытта да «тұрмыстық» жемқорлықты жою мен ашықтықты қамтамасыз етуде жүйелі жұмыстарды жалғастыра беретін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT