Халықтың талабы мен әкімнің жауапкершілігі күшейеді

Бұл сайлаудың ауылдың болашағы үшін пайдасы зор деп есептеймін. Халық өздерінің парасатты, ауылды алға жетелейді дейтін азаматын таңдайды. Соған мүмкіндік беріліп отыр.

Енді сайланған әкім орталыққа қарап шешім қабылдамайды. Ауылдағы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс жасайды. Сол аймақтың даму жоспарын айқындайды. Соған қажетті қаражатты бекітеді. Жүйелі жұмыс жүреді деп ойлаймын. Қазір ауылдарымыз біраз жаңарып қалды. Жолы, газы, тогы тағы басқасымен толық қамтамасыз етілді. Әлі де дами береді. Әрине аманатқа қиянат жасалмай, тұрғындардың таңдауы болуы тиіс. Сайлау әділ өтеді дегенге сеніммен қараймын. Сонда ғана халық пен әкім бірігіп ауылды гүлдендіріп әкетеді.

Әлия ҚАРАШИНА,

Индер аудандық мәслихат депутаты

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика