Халық халал асты қалайды

Мал союдың өзіндік ережесі бар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған «Халал стандарттау» бөлімінің жұмысы бір жүйеге қойылып, жер-жерде бөлімшелері ашылған болатын. «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек қажы Ұтысқанұлының тапсырмасымен Атырау аумағындағы «Халал стандарттау» саласына жауапты болып Атырау қалалық «Құспан Молла» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров тағайындалған-ды.

Жылыой мұсылмандары орталық мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, таяуда Эммат Сұлтанғалиұлы Жылыой ауданына арнайы іс-сапармен келді. Ол өңірдегі кәсіпкер азаматтармен, мемлекеттік мекеме жетекшілерімен кездесіп, осы шара аясында халал сертификаттың алу жолдарын, тапсырылатын қажетті құжаттар, бақылау мен жауапкершілік жайлы түсінік берді. Оның айтуынша, өндірілген өнім сапаға сай келіп жатса, «Халал» сертификаты беріледі.

-Мал союдың өзіндік ережесі бар. Әрбір қасапшы осы талапқа мұқият болуы керек. Бүгінгі таңда халал ет ең көп тұтынылатын өнімге айналып келеді. Өйткені халық таза тағамның адам денсаулығына пайдалы екенін түсінді. Ғалымдардың өзі шариғат талабымен сойылған еттің адам ағзасына пайдасы мол екенін дәлелдеді, - деді Эммат Ғұмаров.

Соңынан бөлім басшысы Халал стандарт бөлімінің тыныс-тіршілігі, бағыт-бағдары жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз