Халық ауыл әкімдерін 25 шілдеде сайлайды

Барлығы бүгін ПТР тестін тапсырып отыр.

Биыл еліміз бойынша, барша қазақстандықтар үшін алғаш рет ерекше форматтағы сайлау өткелі тұр. Өз елінің, туып-өскен жерінің көркеюіне үлес қосар азаматтарды халық енді өзі таңдайды.

Аудан бойынша сайлауға Көктоғай ауылдық округі мен Жарсуат ауылдық округі тұрғындары қатысады. 6 кандитат барлық тексерістерден өтіп тіркелді. Оның бірі - "Nur Otan" партиясынан, енді бірі - "Ауыл" партиясынан, қалған төртеуі - өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлердің үлкені - 59 жас шамасында, орташасы - 53 жас, ең жасы - 36 жас шамасында.

Сайлау үш учаскеде өткізіледі. 19 комиссия мүшелері құрылды. Барлығы бүгін ПТР тестін тапсырып отыр. Оның ішінде 14 адам толықтай вакцинация алды, қалған 5 адам белгілі себептермен екпе ала қоймады. Үгіт насихат жүргізу жұмыстары бүгін түнгі 00:00 де аяқталады.

Ертең сайлау алды бір күн демалыс деп есептеліп отыр. Сайлаудың ерекшелігі сол, халық өз туып-өскен жерінің азаматтарын өздері сайлайды. Науқан ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталып өткізіледі. Антисептик, маска барлығы қамтамасыз етілген.

Әділгерей Сәкенов,

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

referendum-banner-1

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика