Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысы туралы не дейді?

Алматыда халықаралық бақылаушылар сайлауда бақылау жасап жатыр, деп хабаралйды BAQ.KZ тілшісі.

Франция Республикасының Сенаторы, Еуропалық істер жөніндегі тұрақты комитет төрағасының орынбасары, Заңнама жөніндегі тұрақты комитеттің хатшысы Андре Марсель Рейшар Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында бақылаушы. 

Қазақстан Еуропалық Одақтың қызығушылығын тудырады, өйткені Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы сияқты ірі  елдермен көрші. Президент Тоқаев сайлау өткізуге қажетті жағдайлар жасады. Ол өзінің жол картасын – әділ Қазақстанды дамытуға және құруға бағытталған бағдарламаны ұсынды және сайлау құқығының толық сақталуын қамтамасыз етуге ниет білдірді. Қазір Қазақстан халқы дауыс беру арқылы елдің болашағы туралы шешім қабылдап жатыр, - деп атап өтті спикер.

Андре Марсель Рейшар таңнан бері төрт сайлау учаскесіне барып үлгергенін. Дауыс беру аяқталғанша тағы сонша сайлау учаскесіне баруды жоспарлап отыр. Ол содан кейін ғана сайлау туралы толық тұыжырм жасай алатынын айтты.

Мен сайлау процесінің өтуін қалыпты деп бағалаймын, бәрі қалыпты режимде жүріп жатыр. Адам келеді, жеке куәлігін көрсеткен соң оның сайлаушылар тізімінде бар-жоғын жергілікті сайлау комиссиясы тексереді. Тізімде болса аты-жөні тұрған жерге қол қояды. Содан кейін ғана оған бюллетень беріледі. Сайлаушылар тізімінде жоқ болса  дауыс бере алмайды. "Бір сайлаушы – бір дауыс" қағидасын сақтау үшін бәрі жасалынып жатыр, - деді бақылаушы.

Ал АҚШ-тан келген байқаушы, «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, тәуелсіз бақылаушылар Миссиясының АҚШ атынан мүшесі Уильям Вайц  үш сағатта 6 сайлау учаскесін аралап үлгерген. Ол ауа райына қарамай алматылықтар сайлау учаскелеріне келіп дауыс беріп жатқанын айтты. Ол дауыс беру аяқталғанша тағы 20 учаскеге баруды жоспарлап отыр. 

Сайлау учаскелерінде әр үрлі жастағы адамдарды көрдім: жастар да, үлкен кісілер де бар. Ешқандай  наразылылық болған жоқ, өз көргеніме риза болдым. Қазақстанда АҚШ-қа қарағанда сайлауға барынша жауапкершілікпен қарайды. АҚШ-та сайлауда халықтың жартысынан азы дауыс береді. Сонымен бірге бақылаушыларға сайлау учаскелерінің ішінде болуға тыйым салынады, олар оны сырттан бақылайды, - деді Уильям Вайц.

«Қоғамдық пікір» қоғамдық қоры өкілдері -  Independ.kz ақпараттық порталының иесі Рафаэль Гасанов қор өкілдері таңғы 6-дан бастап жұмыс істеп жатқанын, 531 учаскені қамтығанын айтты. 

Биылғы сайлауды бақылауға жастардың өте көп бөлігі белсенді қатысты. «Қоғамдық пікір» қоғамдық қоры бақылаушылары ешқандай заң бұзушылық тіркемеді. Тіркелген орнынан есептен шығару куәлігін алмаған адамдар сайлау учаскелеріне келіп жатты. Әртүрлі жағдайлар орын алып жатыр, олардың әрбірін жеке шешу керек. Бірдеңе түсінбей жатса, сайлау учаскесінен біле  алады, сол жерде барлығы түсіндіріледі, - деді Рафаэль Гасанов.

Франциядан келген бақылаушы, IFRI орталығының (Францияның халықаралық қатынастар институты) сарапшысы Микаэль Левистон Алматы тұрғындары сайлауға түзу қарайтынын айтты.

Бәрінен де сайлау процесіне жастармен қатар аға буын өкілдерінің де қатысуы таң қалдырады. Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруге келген адамдарды бақыладым. 50-60 жастағы адамдар ғана емес, 18 жастағы азаматтар  да дауыс беріп жатыр. Адамдар сөзсіз өз болашағына ұмтылып жатыраны анық, - деді Микаэль Левистон.

Ол Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалғанын, бұл көптеген елге үлгі боларлықтай дүние екенін айта кетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521