Халық қалаулысы тұрғындармен жүздесті

Атырау облыстық мәслихаты депутаты Мейрамбай Базарбай «Теміржолшылар» қалашығы тұрғындарымен жүздесіп, облыс пен қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Бұдан соң сайлаушыларға сөз кезегін беріп, пікірлерін тыңдады.

Тұрғындар атынан сөз алған Гүлжазира Дүйсембаева, Нұрсұлу Қияновалар «СМП-615» ықшамауданына асфальт салу керектігін, балалар мектепке баратын жолды жарықтандыру мәселесі көп жылдан бері шешілмей келе жатқанын айтты. Тұрғын Сапи Шонаев балаларға спорт алаңы мен денешынықтыру спорттық кешені керектігін жеткізді. Ұстаздар А.Қасымғалиева мен Н.Мерғалиева №13 мектеп алдына асфальт, жаяу жүргіншілер жолы салынса деген ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар №1, №8 автобус маршруттарының түскі және кешкі мезгілдерде жүру кестесін ретке келтіруді сұрады. «Теміржолшылар» ықшамауданына автобустардың бағыты тізбеге сай дұрыс жүрмеуі салдарынан оқушылардың және ұстаздардың сабақтан кешігу фактілері көп дейді олар. Ал сабақтан шыққан балалар автобусқа үлгермейді, өйткені сабақ кешкі сағат 19.30-да бітеді. Тұрғындар тарапынан бұдан бөлек талапқа сай жаңа автобустар алынса, ықшамауданға «Халық банкі» мен «Форте банк» банкоматтары орнатылса, кітапхана ашылса деген ұсыныс-пікірлер айтылды. Мәслихат депутаты айтылған ұсыныстардың орындалуына жұмыстанатынын жеткізді.

П.ШЫМЫРБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT