Халық қалаулысы қарттармен көрісті

Наурыз - көктем мен жаңару мерекесі.

Наурыз айының 14-інен басталатын Көрісу мейрамының жергілікті тұрғындар үшін орны бөлек. Осы орайда Жылыой аудандық мәслихат депутаты Халелова Ақмарал Самиғоллақызы ауданымыздың Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай, Қосшағыл, Жаңа Қаратон, Тұрғызба ауылдарын аралап, жалғызбасты ата - әжелерімізге көрісіп, қал-жағдайларын сұрап, сый-сияпатын табыстап, әңгімелерін тыңдап қайтты.

170320218 

Елімізде болып жатқан індетке байланысты көптеген іс-шаралар қашықтықтан өткізілгенімен, ұлттық құндылығымызды және салт-дәстүрімізді бұл ісімен жастарға үлгі ретінде көрсету маңызды. Халық қалаулысы үлкендерден бата алып, көңілдерін көтеріп қайтты.

170320216

Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні-мәні бар. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол - ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әркезде де бақытты.

"Жылыой-ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз