ken-zhyloi.kz
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Қасиетті ораза айында 30 игі іс-марафоны негізінде сауапты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға мұрындық болған "Nur Otan" партиясы аудандық мәслихатының депутаты, аудандық фракция жетекшісі "ЕрАрСтрой" ЖШС директоры, Мұхтар Айтқұлов. Ол "Бермут Атырау" ЖШС директоры Тәжіғалиев Баймұрат Берікұлымен бірлесе 34 үйге мал таратқан болатын. Қосшағыл елді мекенінде тұрмысы төмен көмекке мұқтаж 34 отбасының тізімін Қосшағыл ауылдық округінің әкімі, "Қосшағыл" бастауыш партия ұйымы төрағасы Баселов Саян Жұмабекұлы жинақтап, аталған сауапты іс-шараға бірлесе атсалысты.
Қасиетті Рамазан айында қуанышқа бөленген ауыл тұрғындары лебіздерін білдірген еді.
Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы, бейбітшілігі - еліміздің басты байлығы. Береке-бірлігіміз арта берсін, бірлік, ынтымақ күні құтты болсын. Деніміз сау, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, оразадан оразаға аман жетіп, қуанышты күндеріміз көп болғай деген жүрекжарды тілегін жеткізіп, ел азаматтарына шексіз алғыстарын білдіре отырып, баталарын жаудырды.