Жаңа Қаратон кенті Жылыой ауданының Құлсары қаласынан кейінгі үлкен поселкесінің бірі
Тарих санасында Тәуелсіздік Қазақстан деген атпен мемлекет атанғанымызға 30 жыл болады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі толағай табысымыз аз болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта Атырау облысының әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері жөнінде өткен кеңесте еліміздің 30 жылда жүріп өткен жолын бағамдап, бағдарлай отырып, алдағы басты жеті стратегиялық мақсатымызды айқындап берді.
Билік пен Үкіметтің алдына қойылып отырған міңдеттердің нәтижесінде халыққа лайықты өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау керек. Жаңа Қаратон кенті Жылыой ауданының Құлсары қаласынан кейінгі үлкен поселкесінің бірі, аумағы – 8973 га, 1230 тұрғын үйі бар, халқының саны – 7542 адам.
Бүгінде қоршаған ортаны жақсартуда, көгалдандыруда, сауықтыру шараларын ұйымдастыруда кент тұрғындары үшін қыруар жұмыстар атқарылды. Жаңа Қаратон кентінің абаттандыру және көгалдандыру бойынша кент көшелеріне халықтың демалысы үшін орындықтар қойылып, аллеяларға талдар отырғызылды.
Кенттің жастары үшін денсаулығын нығайту, бос уақыттарын тиімді пайдануда шағын футбол алаңы салынып, "Орталық Азия Евразия" қоры мен "Теңізшевройл" компаниясының қолдауымен кентте «Денсаулық» атты футбол алаңы жөнделіп, «Жан жылуы» атты қолөнер және сурет салумен айналысуға арналған шығармашылық кабинеті ашылды.
Бүгінде кенттің бүлдіршіндері үшін барлығы 6 ойын алаңдары орнатылды. Кенттегі барлық 98 көшеге дәстүрлі тарихи атаулар беріліп, тұрғын үйлердің сыртқы тақтайшалары QR кодпен орнатылды. Алайда алдымызда әлде де кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың жағдайын әлде де жақсартуға атқарылатын жұмыстар жоспарланып отыр.
Басты мәселенің бірі ол: кентішілік 33,4 шақырым автомобиль жолдары құрылысын және тротуар салу; кенттегі ескірген кәріз су айдау стансалары және кәріз су желілерін қайта жаңғырту; кенттегі жаңадан салынып жатқан № 2-6 кварталдардағы тұрғын үйлерге газ құбырын тарту, 1 кварталға электр желісін көше жарығымен бірге құрылысын жүргізу және Жаңа Қаратон кентіне 300 орындық мәдениет үйі құрылысын салу.
Халық пен билік бірлесіп, халықтың пікірін ескере отырып, бірлескен шешімін табуға дайын.
М.Багитжанов, Қоғамдастық кеңесінің төрағасы