Кезектен тыс конференция өтті

29 Қыркүйек, 17.00-де аудандық «AMANAT» партиясы филиалының мәжіліс залында кезектен тыс XXXVIконференция өтіп, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ш.Ж.Темірбаева ашып жүргізіп, күн тәртібімен таныстырып өтті.

Конференцияға аудан әкімі Ж.Б.Қаражанов, аудандық мәслихат хатшысы С.С.Таласов, партия ардагері Е.С.Даулетбаев, аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің және Саяси Кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, жергілікті атқарушы орган басшылары, Жастар ресурстық жастар қанатының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияда күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды. Олар:

1. «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау туралы;

2. «AMANAT» партиясы аудандық партия филиалының Саяси кеңес құрамына өзгеріс енгізу туралы;

3. «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясына делегаттар сайлау туралы. Сонымен қатар, ауданға жаңадан тағайындалған аудан әкімі Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлын Саяси кеңес мүшелігіне қосу қаперге алынды.

Конференция делегаттарының өкілеттіктерін растау үшін хабарлама сөз – Мандат комиссиясы С.Досқалиевке берілді.

- «AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалы кезектен тыс                                 ХХХVI конференцияда -  Мандат комиссиясы: Бастауыш партия ұйымдары жиналыстарының аудандық  конференцияға делегаттарды сайлау жөніндегі хаттамаларының негізінде «AMANAT» партиясы  Жарғысының 9.6. тармағына сәйкес  аудандық  кезектен тыс ХХХVI конференциясына барлығы 50 делегат сайланғанын хабарлайды.  

Делегаттар құрамында қоғамымыздың барлық салалары: денсаулық сақтау, білім, өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісі, мемлекеттік басқару органдары, шағын және орта бизнес, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен партия  ардагерлері бар.

Конференция делегаттарының басым көпшілігі, яғни, жалпы санының 99 % пайызы жоғарғы білімді. Делегаттардың 30 пайызын әйелдер құрайды. Конференцияға атаулы қазақ  ұлт  өкілдері сайланған.

Мандат комиссиясы конференцияның барлық делегаттарының өкілеттіктерін күшінде деп таныды және осы хабарламаны бекітуге ұсыныс енгізеді,- деді ол.

«AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасы туралы  алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Ж.Қаражановқа берілді.

- «AMANAT» партия филиалының жанынан делегат болып сайлануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жылыой ауданы «AMANAT» партия филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатырған ХХХVI конференциясына қош келдіңіздер!

Тәуелсіздігімізді сырттың алакөздігінен, іштің алауыздығынан аман сақтап қалу – біздің тарих алдындағы ең басты парызымыз-, деп қайраткер жазушымыз Әбіш Кекілбаев айтқандай, бүгінгі саяси межедегі таңдауымыз да ерекше болмақ...

Партияның Саяси Тұғырнамасында бірқатар тараулар көрсетілген:

Біз мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің іргесін шайқалтатын ішкі-сыртқы күштердің әрекеттеріне, қолдан жасалған арандатушылықтарға жол бермейміз. Алдымызда сынақтар аз болмайды. Сондықтан, қазіргі кезең қара басымыздың қамын емес, мемлекеттің, ұлттың келешегі мен қауіпсіздігін ойлайтын уақыт.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде қазіргі уақытта мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы  сол мақсатқа жетудің баламасыз жолы. Бұдан әрі мемлекеттік басқару жүйесі ашық, түсінікті әрі қоғамдық бақылауда болуы тиіс.

Еліміздің жаңа экономикалық бағдары экономикалық еркіндік пен ұлттық табысты әділ бөлуді қамтамасыз ететін болады. Біз жеке меншікке қол сұқпауды, ашық бәсекелестікті, инновациялық және цифрлық технологияларға негізделген өндірістің артуын қолдаймыз. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес экономикалық дамуға, мәселені шешуге үлес қосушы нысан ретінде қашанда қолдауға ие болады. Қазіргі уақытта жергілікті билік органдары аудан-ауылдардағы қордаланған мәселелерді шешуге толық мүмкіндік алып отыр. Аудан және ауыл жолдарының сапасын ретке келтіру маңызды.

Ауыл – Алаштың алтын бесігі болса, ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының күретамырының бірі. Ауыл шаруашылығындағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.  «AMANAT» партиясы ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуды, ауыл шаруашылығын қолдауға ерекше басымдық беруді мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттердің бірегейі деп санайды. Жер иесі – ауыл адамына мемлекет тарапынан берілетін көмек пен жеңілдіктер аясы кеңейтілуі керек.

«Жер аманаты» жобасы аясында заңсыз жекешелендірілген немесе пайдаланылмай жатқан жерлер, жайылымдар мемлекет меншігіне қайтарылатын болады. Ауыл тұрғындарының табысын, біліктілігін арттыру, жаңа кадрларды даярлау «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асатын болады. Ауылдардағы әлеуметтік нысандар – мектептер мен медициналық пункттер, мәдениет ошақтары жаппай күрделі жөндеуден өткізіліп жаңғыртылуы керек. Ауыл мен қала арасындағы алшақтықты барынша азайту керек.

Бүгінгі аудан деңгейіндегі ХХХVI конференцияға қатысу және саяси көзқарасымды білдіріп, ой айту мен үшін ерекше жауапты тарихи кезең екеніне қуаншытымын. Алдағы жоспарымыз айқын, мақсатымыз нық, іргеміз ыдырамайтын ел болуға - белсенділік танытайық!,- деді аудан басшысы.

Конференция кезінде күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша партияның тұғырнамасын талқылау бойынша аудандық мәслихат хатшысы С.Таласов, аудандық мәслихат депутаты және партия ардагеріЕ.Дәулетбаев баяндама жасады.

Сондай-ақ, елордамыз Астана қаласында өткен «Жастар форумына» қатысып келген «Жастар ресурстық орталығының» басшысы А.Е.Едігеев те баяндама жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету, бұл – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі» деген сөзіне тоқталып өтті. Жастардың рухын көтеру үшін жасалып келе жатқан жобаларға, соның бірі «Жастар Отанға» жобасына тоқталды. Аталған жобада жастардың мемлекеттік бағдарламаларға жан-жақты қолдау көрсетуі. Қазіргі белсенді жастар «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасын әрқашан қолдайтынын жеткізді.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша «AMANAT» партиясы аудандық Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізуіміз керек. Жамалов Халел Жамалұлы әкімдігін мерзімінен бұрын тоқтатуына орай, құрамнан алынып, Саяси кеңес құрамға Жылыой ауданының әкімі - Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлын қосуға ұсынылып, өзгертілген құрамның тізімі жарияланды. Бірауыздан делегаттар бекітілсін деген дауыстарын берді.

Үшінші мәселе бойынша Атырау облыстық филиалының кезектен тыс өтетін XXXVконференциясына 15 делегат сайланып, іс-сапарға шықты.

Осылайша, конференцияның қарауына берген саяси бюроның қаулысы бойынша күн тәртібіндегі  ұсынылған мәселелер толығымен қаралып, конференцияны жүргізген «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы XXXVI конференциясын жабық деп жариялады.

 

"AMANAT" партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар:

Аты-жөні

Лауазымы

 

1.  

Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлы

Жылыой ауданы әкімі

 

2.  

Темірбаева Шынаргүл Жаңайқызы

«AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының атқарушы хатшысы

3.  

Шауқымова Дәндігүл Төлегенқызы

Жылыой ауданы мәслихат  есепшісі

4.  

Ысмағұл Ернар  Құтқожаұлы

Құлсары қаласының әкімі

5.  

Әлдешова Айгүл Әлиқызы

Қара Арна ауылдық округінің №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шаруашылық жөніндегі орынбасары  

6.  

Ғұсмандиярова Жанар Азаматқызы

Ақкиізтоғай округі, балабақша тәрбиешісі, партия мүшесі

7.  

Қабесова Айгүл Темірболатқызы

Жем ауылдық округінің әкімі,БПҰ төрағасы

8.  

Тлеубергенова Құралай Қуанышқызы

Жаңа-Қаратон кенті, БПҰ хатшысы,

9.  

Нурмуханова Дариға Базарбаевна

Қосшағыл  ауылдық округ әкімінің бас маманы

10.  

Ысқақова Бағдагүл Жолдыбайқызы

Жылыой аудандық Жастар ресурстық орталығының заңгері, партия мүшесі

11.  

Чердабаева Ания Бағытжанқызы

«Жылымұнайгаз» МГӨБ БПҰ төрағасының орынбасары

12.  

Умирова Эльмира Қуандыққызы

«КазТрансОйл» АҚ Кадр қызметінің кадрлар және әлеуметтік даму жөніндегі маман, БПҰ төрайымы

13.  

Бисенов Нұрасыл Бисенұлы

«Қазақстан Теміржолы Ұлттық Компаниясы» АҚ Құлсары жол дистанциясы, техникалық құжатарының  инжинері

14.  

Таңатарова Гүлжансара Қалиқызы  

«НұрАсу» БПҰ төрайымы, Жылыой ауданы білім бөлімінің орынбасары

15.  

Құспан Дастан Иван

«AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының эксперті,БПҰ хатшысы

 

А.МОЛДАШЕВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT