КЕШІГІП КЕЛГЕН БАҚЫЛАУШЫЛАР САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ КІРГІЗІЛМЕЙДІ

Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал осындай шараларды қолдануға мәжүрлеп отыр.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сайлау учаскелерінде санитариялық нормалар сақталып, қауіпсіздік шаралы қатаң бақылауда. Әр сайлау уческесінде сыйымдылығы мен аумағына байланысты бақылаушыларға арналған орындар саны да әртүрлі. Бұл ретте, Сарайшық ауылдық округіне қарасты №223 сайлау учаскесінде бақылаушыларға арналған 3 орын бөлінген.

- Саяси партиялар мен тәуелсіз бақылаушылардың кейбірінің сайлау уческесіне кіруіне мүмкіндік жоқ. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал осындай шараларды қолдануға мәжүрлеп отыр. Мен «Нұр Отан» пратиясының атынан бақылаушы ретінде осы сайлау учаскесіне тіркелдім, әзірге ішке кіруге мүмкіндік болмай тұр. Өйткені сайлау уческесіндегі байқаушыларға бөлінген орындарда үкіметтік емес ұйым өкілдері отыр. Дегенмен, сайлау учаскесінің сыртында «Қазақстан Халық Партиясы» және өзге де саяси партиялардың бақылаушылары бар. Заң баршамызға ортақ, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық талаптарды сақтау бәрімізге артылған жауапкершілік. Бұл жағдайға баршамыз да түсіністікпен қарауымыз керек. Сайлау учаскесінің ішіндегі бақылаушыларға арналған орындардың бірі босаған жағдайда, бізге кіруге мүмкіндік болады. Жалпы тұрғындардың учаскеге келу белсенділігі жақсы екені байқалады, – деді «Нұр Отан» партиясының атынан тіркелген бақылаушы Жандос Дүйсембаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз