Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі Мәслихаттар сайлауына халықпен бірге әкімдер де барып өз дауысын беруде. Солардың бірі -Жаңа Қаратон кенті әкімі Сансызбай Баймұратов. Ол өз таңдауын жасау үшін кенттегі №22 жалпы орта білім беретін мектепте орналасқан 103-ші учаскеге арнайы барды.
-Кент тұрғындарымен бірдей өзімнің елім-жерім үшін таңдау жасауға қашан да әзірмін. Бұған дейін өткен сайлау науқандарынан қалған емеспін. Әкім болғаным үшін емес, осы елдің патриот азаматтарының бірі болғаным үшін дұрыс таңдау жасадым деп білемін,-деді кент әкімі С.Баймұратов.