«Кең Жылой» газетіне енді онлайн жазылуға болады

Онлайн жазылу қалай жүзеге асырылады?

«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты екі облыстық және жеті аудандық басылымдарды, соның ішінде аудан айнасына айналған «Кең Жылой» газетін енді «онлайн жазылым» қызметі арқылы алдыруға болады.

Қазіргі заман талабына сай, алғаш рет қолға алынып отырған жазылымның бұл түрі оқырмандар үшін тиімді әрі айтарлықтай оңай. Бұдан былай оқырмандарымыз аудандық «Қазпошта» филиалының ғимаратына немесе редакцияға аяқтай келіп жүрмейді. Уақытын үнемдеп, кез келген нүктеден интернет арқылы төлем жасап, газеттің әр санын қалт жібермей оқуға мүмкіндік алады.

Серіктестікке қарасты облыстық және аудандық басылымдарды тек Атырау өңірінің халқы ғана емес, өзге өңірлердің тұрғындары да арнайы жаздырып, тұрақты түрде оқуына мүмкіндік бар. Жыл сайын дәстүрлі басылымға жазылған, шалғай елді мекендерде тұратын оқырмандарға газетті уақытылы жеткізіп тұру қиындық тудыратын. Бұл әдіс сол олқылықтың орнын толтыру үшін шығарылған. Енді Қазақстанның қай түкпірінде болмасын, оқырмандар газетке онлайн түрде жазылып, өңір жаңалықтарымен ұдайы танысып отыруына болады.

Тек компьютеріңіз бен ұялы телефоныңызға ғаламтор желісі жалғанса болғаны.

Онлайн жазылу қалай жүзеге асырылады?

Ол үшін ken-zhyloi.kz ресми сайтына кіріп, жазылу бөліміне өту керек. Арнайы мәзірден өзіңіз қалаған газеттің атауын таңдап, бір жылға немесе жарты жылға жазылу мерзімін белгілеп, соған сай бағасына қарап, қаржысын аударасыз. Содан кейін газеттің әр саны PDF нұсқада жазылушының электронды поштасына жолданып тұрады. Болашақта бұл бастама жүйелі түрде жүзеге асады. Ол жыл сайын газетке «Казпошта» арқылы жазылатын тұрақты оқырмандарға да тиімді әрі қолжетімді болмақ.

Баспасөзге жазылудың ұтымды жолдарының бірі – офлайн, яғни, баламалы жазылу.

Мұндағы басты ерекшелік, газеттер жекелеген мекен-жайға емес, бір нысанға жеткізіледі және бағасы дәстүрлі жазылуға қарағанда әлдеқайда арзан келеді.

«Кең Жылой» газетіне 2021 жылға жазылу жүріп жатыр.

«Онлайн жазылым» бағасы алты айға – 500 теңге, бір жылға – 1000 теңге.

Баламалы жазылу бағасы алты айға – 1300 теңге, бір жылға – 2600 теңге.

Асығайық, ағайын!

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT