Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері

Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды.

1941 жылдың бірінші бөлігінде Кеңес барлауы немістердің шабуыл дайындап жатқаны туралы үздіксіз хабарлаумен болды. Хабарларда қарама-қайшылықтар кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл басталатын күн ( мамырдың 1-і, 15-і, маусымның басы, 22 маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып, түрлі буындар арқылы таратқанының салдары болды.

Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан сене берген жоқ, себебі кейде олардың берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге жіберген мәліметтер) расталмай отырды. Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы (ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, кейде тіпті жалған) мәліметтерді қамтып отырды. Ақпарат шынайы болған күннің өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен соғыспау туралы келісім (пакт), неміс әскерилерінің  Британия аралдарына дайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері  1941 жылы соғыс болмайтын шығар деген үміт тудырып отырды. Германия басқа шабуылдарының қарсаңындағыдай, алдын ала ешқандай саяси талаптар жасамады.

Сталин Германияның шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы барлау мәліметтеріне сенбеді.

Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары 1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің батысына, шекараға жақынырақ жерге жылжытыла бастады. Шекаралық дивизияларды толықтыру үшін запастан 800 000 адам әскерге шақырылды, маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың резерв дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүздеген шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде қарсы алуға мәжбүр болды.

1941 жылғы маусымның 18-інде КСРО-ның әскери теңіз флоты мен шекара әскерлері ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғана берілді.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT