Әке, асықпа!

Соңғы мезгілдері жолдағы көлік апаттарының жиі болып жатқанына көңіліміз құлазып жүр. Қаншама тағдыр қиылды. Ана баласынан, балалар әкесінен айрылып жатыр. Оның себебін әркім өзінше топшылайды. Үлкендердің «Жылдамдықты азайтшы» деп үнемі уайымдап айтуының да жөні бар. Сол жылдамдықты асырып, жанталасып жүргізетін жүргізушілер қауіпті.

Құлсары қаласы әкімі аппараты аудандық Полиция бөлімімен бірлесіп, қала көшелеріне баннерлер орнатты. Мақсат: жол, көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Баннерлер Нарынбай батыр және Исатай Тайманов көшесінің бойына «Өмір – жылдамдықтан маңыздырақ!», «Әке, асықпа! Біз сізді үйде күтеміз» деген мән-мағынасы зор атауымен ілінді. Бұған дейін де аудан әкімшілігі мен қоғам белсенділері, полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне біреудің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақыратын бейне үндеу жариялаған болатын.

Перизат Түркенбайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521