Қазыналы қартпен кездесу

№1 қалалық кітапхана және Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесі мүшелері 1 қазан - қарттар күні мерекесіне орай білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Айнаш Жарылғасова апаймен «Қарттарым аман-сау болсын» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Кездесу кешінің мақсаты - жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Кездесу барысында білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Айнаш Жарылғасова апайдың өмірі және қызметімен танысып, ұлағатты, ғибрат аларлықтай өсиеттерін тыңдап, оқушылар қазыналы қартымызға сұрақтарын қойды. Сонымен қатар оқушылар үлкендерді құрметтеуге арналған мақал – мәтелдер, өлеңдер оқыды. Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері Ғ.Сәренова мен Г.Жолдасқызы апайды қарттар күнімен құттықтап, жағдайын сұрап, ардақты әжемен әңгімелесіп, өнегелі өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі екенін баса айтып, олардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, өмірге деген талпыныс жігерлерін ояту керектігін айтты. Еліміздің білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосып, өзінің біліктілігімен, кәсібилігімен дараланған ұлағатты ұстаз мыңдаған шәкіртке тәлім-тәрбие беріп, білім шуағын құйған ізгі жан әдет-ғұрыптан аттамай, құшақ жая қарсы алып, ақ батасын берді.

Еңбек жолындағы оқиғаларын, қиындықтары мен жеткен жетістіктерін, әкесіне арнап жазған «Ұмытылмас бейне» атты кітабы туралы да әңгімелеп берді. Ұйымдастырушылар кездесуге келген оқырмандарға, Айнаш апайға алғысын білдіріп, сый-сияпат ұсынды. Тақырып аясында кітап көрмесімен таныстырып, естелік ретінде барлық қатысушылар суретке түсті.
Нұрсұлу Бердібекова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521