«ҚазМұнайГаз» Атырауда «Таза Қазақстан» акциясын өткізді

Биыл «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындарымен бірге «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экоакцияға белсенді қатысып, 97 218 ағаш екті. Осылайша, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған айтулы іс-шараға компания да елеулі үлес қосып отыр.
Ағаш отырғызу акциясы «ҚазМұнайГаз»-дың кәсіпорындары орналасқан барлық өңірді – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда және Астананы қамтыды. Қалалар мен ауылдарда жаңа жасыл-желекті аймақтар құруға, компанияның өндірістік нысандарының аумағын көгалдандыруға ерекше назар аударылды. Жергілікті климатқа төзімді ағаштар, соның ішінде қайың, қарағай және сәмбітал егілді.
«ҚазМұнайГаз» көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау жө¬ніндегі жұмысты әлі де жалғастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT