«Қазақстандықтар Беларусь үшін шайқаста»

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінде «Беларусь бүгін» баспа үйімен бірлескен «Қазақстандықтар Беларусь үшін шайқаста» интернет-жобасының тұсаукесері өткен. Бұл жоба Беларусь елінің неміс-фашист басқыншыларынан азат етілуінің және 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерейтойына орайластырылды. Беларусьтің мемлекеттік органдары, ғылыми және білім беру топтары, дипломатиялық корпус және халықаралық аталып өтетін ұйымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2024 жылы Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Тимур Жақсылықов қазақ жерінің 500-ге жуық жауынгері Кеңес Одағының Батыры атанса, оның 84-і Беларусь үшін шайқаста жасаған ерлігі үшін осы жоғары атаққа ие болғанын атап өтті.

«Қазақстандықтар Беларусь үшін шайқаста» интернет-жобасы (kazakhstanbelarus.by) Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің батылдығы мен жауынгерлік бауырластығы туралы естеліктерді сақтауға, болашақ ұрпаққа шынайы патриотизм мен достық құндылықтарын беруге арналған. Ол сонымен қатар елшіліктің Беларусьте соғысқан қазақстандық жауынгерлері туралы ақпарат жинау және есте сақтау жөніндегі тұрақты жұмысы туралы хабарлады. 1990 жылдардан бастап елшіліктің бастамасымен қазақстандықтардың ерлігіне арналған әртүрлі басылымдар жарық көрді. Көпшілігін елшілік мұражайының экспозициясынан көруге болады.

«Ұсынылған интернет-жоба бізге ұлт ретінде сақталып, өмір сүруге көмектескен адамдарға құрмет ретінде саналады»,-деді Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Кеңесінің Халықаралық істер және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, «Беларусь бүгін» баспа үйінің директоры – бас редакторы Дмитрий Жук. Ол 1,5 мыңнан астам қазақстандықтардың Беларусь партизандық құрамаларының құрамында соғысқанын, олар туралы ақпарат «Беларусь бүгін» баспа үйі мен «Беларусь партизандары» ұлттық мұрағатының partizany.by бірегей интернет-жобасында бекітілетінін хабарлады.

Әрине, Беларусь үшін қан төккен жауынгерлер ішінде атыраулық және жылыойлық боздақтардың да бар екендігі тарихтан белгілі. Сондықтан күні бүгін Кеңес Одағының 84 батырының ерліктері туралы ақпаратты қамтитын «Қазақстандықтар Беларусь үшін шайқаста» интернет-жобасының авторлары оны Беларусь мемлекетін азат ету үшін күрескен қазақстандық жауынгерлер туралы мақалалармен, естеліктермен, тарихи құжаттармен әлі де толтыра түсуді жоспарлап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT