Қазақстанда иесіз қалған гидротехникалық құрылыстарға қатысты проблема бар — Ю. Ильин

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары қаралды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, сондай-ақ облыс әкімдері баяндама жасады. 2017 жылы Үкіметтің тапсырмасы бойынша 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі Жол картасы әзірленді, оның шеңберінде 41 млрд теңгеден астам сомаға 402 іс-шара іске асырылды. Өткен жылы айтылған Жол картасын орындау қорытындысы бойынша 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы әзірленді. 2021 жылы 37 іс-шараны жүзеге асыру аяқталды. Оларды іске асыруға 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.

«Бұдан басқа, өңірлерді дамыту бағдарламалары және 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша облыстық жұмыс жоспарлары шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен әкімдіктер министрліктің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендерді қорғауды көздейтін 148 іс-шараны іске асырды. Бұл өткен жылы 158 елді мекеннің қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді», — деді ҚР ТЖМ басшысы.

Жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде өткен жылы 51 жағалауды нығайту және 72 шақырымға жуық өзен арнасын тазарту, 78 шақырым қорғаныс бөгеттерін салу және ағымдағы жөндеу, 2 гидротехникалық құрылысты салу және 6 гидротехникалық құрылысты жөндеу, 21 км су бұру арнасын салу және 25 шақырымын тазалау жүргізілді, 4 жергілікті құлақтандыру жүйесі орнатылды. Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асырудыің арқасында 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды және 385 елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Бүгінгі күні бұрын анықталған су тасқыны қаупі бар мыңнан астам елді мекеннен 285 елді мекен үшін қауіп сақталуда.

Елдің таулы аймақтарында мұздықтардың күрт еруі жаңа мореналық көлдердің пайда болуына ықпал етеді, олар тым қауіпті және сел мен су тасқыны құбылыстары қаупін төндіреді.

«Біз жыл сайын алдын алу іс-шараларын жүргіздік, олар – су ағызу арналарын тазалау, аса қауіпті мореналық көлдерде сифондар орнату. 6 млн текше метрден астам судың ағымдары бақыланып, ағызылды», — деді Юрий Ильин.

Халықты қорғау және Алматы қаласы мен Алматы облысын селден экономикалық залалды азайту үшін Ақсай, Аюсай өзендерінде селді тоқтататын бөгеттер салу жалғасуда.

«Қорғас» ШЫХО-ны қорғау үшін Қытай Халық Республикасымен бірлесіп, Шұқырбұлақ сел ұстау бөгетін, сондай-ақ Қорғас өзенінде қорғаныш құрылыстарын салу жүзеге асырылуда. Халықтың, объектілер мен автожолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республиканың таулы аудандарында «Қазселденқорғау» ММ қар көшкінін 44 профилактикалық түсіру, қар көшкіні қаупі бар учаскелерді 375 жер үсті зерттеу жүргізілді, 97 ақпараттық белгі қойылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында қар көшкіні қаупі бар кезеңде халықтың мінез-құлық қағидалары жарияланады. Биыл өңірлік деңгейде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында: төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді; жанар-жағармай және инертті материалдар қоры жасақталған; шұғыл шығындарға арналған төтенше резервтер қарастырылған, шамамен 23 млрд теңге алдын ала салынған; елді мекендерден қар шығару жалғасуда, бүгінде 5 млн текше метрден астам қар шығарылды. Солтүстік және орталық өңірлердің әкімдіктері елді мекендерден, әсіресе, ауылдық және су тасқыны қаупі бар елді мекендерден қар шығаруды жандандыруы қажет. Республикалық деңгейде биыл 16 ақпанда Су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілді, онда мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар берілді. 3-4 наурызда «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуын өткізу жоспарланған, оның барысында мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесінің су тасқыны жағдайындағы іс-қимылдарға дайындығы тексеріледі.

«Қазіргі уақытта ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 60-75% құрайды. Сонымен қатар, бос көлемдер қорын сақтау қажет. Осыған байланысты әкімдіктер мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су қоймаларының толу деңгейін бақылауы қажет», — деді Ю. Ильин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, иесіз қалған гидротехникалық құрылыстарға қатысты мәселе бар. Егер өткен жылы олардың саны 10 болса, биыл олардың саны 25-ке жетті. ТЖМ басшысы оларды коммуналдық меншікке беру бойынша шаралар қабылдауды ұсынды. Соңғы бес жылда автомобиль жолдарының, 34 автомобиль көпірінің 700-ге жуық толып кетуі орын алды, темір жолдардың 7 учаскесі су астында қалды. Бұл ретте, бүгінде республика бойынша су басуға бейім 278 автомобиль жолы учаскесі мен 600-ден астам темір жол учаскесі бар. Көлік инфрақұрылымының суға толып кетуіне және қирауына жол бермеу үшін алдын алу және қорғау шараларын алдын ала жүргізу қажет.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар министрі су тасқынына ден қою үшін министрлік мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп азаматтық қорғаныс құралдарын – арнайы техника, тікұшақтар, жүзу құралдары және мотопомпалар дайындағанын баяндады. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде 3 мың адамға арналған шатырлы лагерьлер дайындалды. Күштер мен құралдарды жедел жіберу, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері үнемі әзірлікте болады. Халықты хабардар ету мәселелері алдын ала пысықталды. Бұл хабарлау жүйесін дайындау, телерадио хабарларын таратуды тоқтату, СМС-хабарламалар жіберу, интернет-ресурстарды пайдалану, патрульдік полиция машиналарын тарту және т. б.

«Қардағы су қорының көлемін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қыртысының болуын ескере отырып, су тасқыны қаупі бар өңірлер анықталды. Тәуекелі жоғары өңірлерге Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Орташа қауіпті аймақтарға: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары жатады», — деді ол.

Күн райы күрт жылынған, қар қарқынды еріген, сондай-ақ көп жауын-шашын жауған жағдайда осы өңірлердің елді мекендерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсуі мүмкін. 1 наурыздан кейін «Қазгидромет» РМК нақты болжамын ұсынады, оны ескере отырып уақтылы ауыстыру үшін министрліктің күштері мен құралдарын топтастыру түзетіледі және қажет болған жағдайда резервтік топтар енгізіледі. Еліміздің аумағында 1823 гидротехникалық тірек құрылысы бар — С. Брекешев Су тасқыны кезеңіне дайындық туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев баяндады. Ол гидрометеорологиялық жағдай мәселелерінен бастады. 1 ақпандағы жағдай бойынша келесі облыстарда қар жамылғысының ылғал қоры орташа көп жылдық мәндерден жоғары болуы байқалуда: - Ақмола облысында Сілеті өзенінің бассейнінде 25%-ға; - Қостанай облысында Торғай және Қараторғай өзендері бассейндерінде тиісінше 12% және 57%-ға; - Батыс Қазақстан облысында Шежін-2 және Шыңғырлау өзендері бассейндерінде 22%-ға дейін. Сонымен қатар, жазық аумақтың басым бөлігінде ылғал қоры орташа көп жылдық мәндерден төмен. Бұл ретте, биыл жазық аумақтағы бассейндердің көпшілігінде судың аз болуы күтілуде.

«Елдің таулы аумақтарында қардың қоры бойынша жағдай мынадай. Шығыста Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары аймағында қар қорының деңгейі орташа көп жылдық мәннен 22%-ға дейін жоғары. Тарбағатайдың оңтүстік-батыс жағында көп жылдық орташа мәннен 38%-ға төмен. Ертіс өзенінің сол жақ ағындарында орташа көп жылдық мәндер шегінде. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тауларындағы қар қорының деңгейі орташа көп жылдық мәннен төмен», — деді министр.

Сонымен қатар, экология министрі атап өткендей, ел аумағында қалыптасатын шығыс және оңтүстік өңірлердегі тау өзендерінің бассейндерінде су тасқыны жаңбыр түрінде жауын-шашын көп түскен жағдайда қалыптасады. Топырақтың күзгі ылғалдану көрсеткіштерін де ескеру қажет. Қарағанды облысындағы Тоқырау өзені мен Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің бассейнінде бұл көрсеткіштер орташа көп жылдық мәннен 25%-ға дейін жоғары. Орталық, батыс және солтүстік өңірлерде көрсеткіштері орташа көп жылдық мәндер шегінде немесе одан да төмен. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштерден орташа алғанда 6 сантиметрден 68 сантиметрге дейін төмен. Бұл қар баяу еріген жағдайда су тасқыны кезеңінің қалыпты өтуіне әсер етеді. С. Брекешев Қарағанды облысының Нұра және Шерубайнұра өзендерінің бассейндерінде, Ақмола облысының Есіл өзенінің бассейнінде, Қостанай облысының Тобыл өзенінің бассейнінде қардың астында топырақ бетінде қалыңдығы 1 сантиметрден 5 сантиметрге дейін мұз қабығы байқалғанын айтты. Бұл ретте, ақпан-наурыз айларында ауа температурасының күрт көтерілген және қатты жаңбыр жауған жағдайда су тасқыны болуы мүмкін. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, су тасқыны қаупі бар өңірлер анықталды. Бұл Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары. Орташа су тасқыны қаупі бар аймақтар: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары. Сонымен қатар, су аздығы деңгейі жоғары қаупі бар өңірлер анықталды. Ол Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары.

«Жалпы алғанда, алдын ала болжам бойынша өзендерде судың молдығы қалыпты және одан төмен болады деп күтілуде. «Қазгидромет» наурыз айының басында су тасқыны кезеңі бойынша негізгі болжамды ұсынады. Келесі айдан бастап біз апта сайын гидрологиялық болжам ұсынатын боламыз. Гидрометеорологиялық ахуал күрт өзгерген жағдайда, су тасқыны қаупінің туындауы туралы алдын ала 2-3 тәулік бұрын хабардар етеміз», — деді министр.

Одан соң С. Брекешев гидротехникалық құрылыстардың тасқын суларды өткізуге дайындығы мәселесіне көшті. Министрлік жанында су тасқынын алдын-алу комиссиялары құрылды. Тасқын суларды апатсыз өткізуге қажетті шаралар қабылдануда. Тәулік бойы кезекшілік пен су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Республика аумағында 1823 гидротехникалық тірек құрылыстары бар. Осы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 1646 гидротехникалық құрылыс тексерілді. Олардың ішінен 527 объекті жөндеуді қажет ететіні анықталды. Оның 396 коммуналдық меншікте. Жөндеуді қажет ететін гидротехникалық құрылыстардың ең көбі Қарағанды облысында орналасқан. Гидротехникалық құрылыстардың барлық меншік иелеріне тасқын суларды қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін тиісті іс-шараларды жүргізу туралы ұсынымдар жіберілді. Су басу қаупін жою мақсатында министрлік 41 апаттық су қоймасын және гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту жүргізуде. 2017-2021 жылдары 16 объект қалпына келтірілді. Нәтижесінде 120 мыңнан астам халқы бар 16 ауылдық елді мекендерде су басу қаупі жойылды. Олардың ішінде Алматы облысында жинақтау көлемі 42 млн текше метрді құрайтын Қызылағаш су қоймасы қайта жаңғыртылды. Биыл тағы 6 су қойманы қалпына келтіруді жоспарланған. Қалған 19-ы 2025 жылдың соңына дейін қалпына келтіріледі. Соңғы жылдары көктемгі су келуін талдауы су тасқыны табиғи жағдайларға ғана емес, сондай-ақ антропогендік процесстердің салдары болып табылатынын көрсетті. Мәселен, жыл сайын су тасқыны кезеңінде Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарындағы Есіл және Нұра өзендерінің арнасымен Астана су қоймасынан жіберу кезінде, су басқан арнаның өткізу мүмкіндігінің болмауына байланысты іргелес аумақты су басу қаупі туындуда. Аталған жағдайлар Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары аумағында орын алуда. Осыған байланысты әкімдіктерге: Бірінші. Су өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында проблемалық учаскелердегі өзен арналарын тазартуды ұйымдастыру. Екінші. Коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне назар аудару. Үшінші. Коммуналдық меншіктегі су қоймаларын тасқын суларды қабылдауға дайындау қажет. Су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін материалдар 80% дайындалды — Қ. Өскенбаев ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев баяндағандай, су тасқыны қаупінің дер кезінде алдын алу және жою мақсатында министрлік автомобиль және темір жолдарды су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде.

«Бүгінгі таңда республикалық автожолдардың ұзындығы 25 мың км құрайды, онда 1 313 көпір және 15 310 су өткізу құбыры бар. Оның ішінде 278 қауіпті учаске, 84 көпір және 883 су өткізу құбыры бақылауға алынды, оларда 700-ден астам жол-пайдалану техникасы бекітілген. Автожолдарды дайындау шеңберінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді және орталық және өңірлік деңгейлерде комиссиялар құрылды», — деді Қ. Өскенбаев.

Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, автожолдар мен жол құрылыстарын күнделікті патрульдеу жүргізілуде. Су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін бүгінгі күні 80% материалдар дайындалды, оның ішінде 4 мың текше метр құм, 7 мың текше метр тас, 20 мың текше метр қиыршық тас, 50 мың дана қап және 434 тонна жанар-жағар май. Су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қардан және мұздан тазарту жұмыстары басталды.

Сондай-ақ индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі реконструкциялау және жөндеу барысында автожолдардың тасқын қауіпті учаскелерінде су өткізу қабілетін арттыру үшін саңылаулар диаметрі мен су өткізу құбырларының санын ұлғайту, үйінді биіктігін арттыру, еңістерді нығайту есебінен көпірлер мен су өткізу құбырларын орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жалпы, су тасқынына қарсы шараларды орындау кезінде өңірлердің ауа райы, сондай-ақ өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелері ескеріледі. Су тасқынына қарсы іс-шараларды қаржыландыру автожолдарды ұстауға бөлінген қаражат шеңберінде көзделген. Пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын, жолды, жасанды құрылыстарды уақтылы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы бұйрық бекітті, онда су тасқыны кезеңінде жол мен жасанды құрылыстардың сақталуы мен тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық техникалық іс-шаралар көзделген. Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларының, агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексеру бойынша, сондай-ақ күрделі жағдай туындаған кезде төтенше жағдай бойынша облыстық бөлімшелермен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Тасқын суларды өткізу бойынша өткен жылдардың тәжірибесін талдаудан барлық өңірлер бойынша 673 қауіпті орынның тізбесі анықталды. Тасқын суларды өткізу кезеңінде жауапты тұлғалардың тәулік бойы кезекшілігі, белгілі бір қауіпті жерлерді аралау ұйымдастырылады. Көпірлердің, құбырлардың, дренажды құдықтардың тесіктерін қардан тазарту, тау және су бұрғыш арықтарды, науалар мен кюветтерді ашу бойынша дайындық жұмыстары басталды», — деді ҚР ИИДМ басшысы.

Кесек тастар, рельсті пакеттер, кондициялық емес темірбетон шпалдары бар 45 шаюға қарсы поездарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1 713 локомотив, 61 мың адамды эвакуациялау үшін 1 603 вагон дайындалды, сондай-ақ арнайы техникасы бар 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары тұрақты дайындықта тұр. Қазіргі уақытта жол дистанцияларымен 2 550 текше метр кесек тас және 9 мың кондициялық емес темірбетон шпал дайындалды. Техника мен материалдардың дайындығы 100% құрайды. Ақмола облысындағы қазіргі жағдай туралы әкім Ермек Маржықпаев баяндады. Ақмола облысында 47 бірлік су өткізу құрылысы жөнделді, 35 км су бұру арнасы кеңейтілді және нығайтылды, 22 км өзен арнасы тазартылды, 11 км бөгет нығайтылды және салынды.

«20 елді мекенде су басу қаупі жойылды, 80 елді мекенде қауіп барынша азайтылды», – деді Ақмола облысының әкімі. Алдын алу шаралары шеңберінде Ақмола облысының техника автопаркінің ағымдағы құрамы 1067 бірлікті, 248 мотопомпаны және 47 бірлік жүзу құралын құрайды. Сонымен қатар, облыста 219 тонна жанар-жағар май, 68 мың қап, 13 мың тонна инертті материалдар дайындалды. Барлығы 300 мың текше метрден астам қар шығарылды. «Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу аясында 7 коммуналдық ГТҚ жөндеу үшін ЖСҚ әзірленді, оған 55 млн теңге бөлінді, жобаның өзі мемлекеттік сараптамадан өтуде. 8 республикалық МТҚ-ға ағымдағы жөндеу жүргізілді. 92 бақылау бекеті ұйымдастырылды», — деді Ермек Маржықпаев.

Қазақстанда барлығы 90 ГТҚ орналасқан, оның ішінде республикалық меншікте – 20, коммуналдық меншікте – 63, жеке меншікте – 7. Гидрологиялық болжамға сәйкес Жабай өзені бассейніндегі ылғал қоры 10%-ға, ал өзен бассейніндегі ылғал қоры 25%-ға азайды. Сілеті және Жабай өзендеріндегі топырақтың ылғалдануы 14%-ға азайды.

«Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында әкімдік Жабай өзенінің бойындағы арнаны тазарту және топырақ үйіндісін нығайту жұмыстарын жүргізді, Есіл өзенінде су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізді. Есіл және Нұра өзендерінің бойындағы елді мекендерді қорғау күшейтілді», — деп түйіндеді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

primeminister.kz/kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT