Сала сарапшыларының айтуынша, 2030 жылға қарай елімізде қуат жетіспеушілігі сағатына 13 млрд. киловаттан асуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап мұндай тапшылықтың алдын алу қажет. Бұл туралы АЭС-тің маңыздылығын көпшілікке түсіндіру мақсатында Атырау қаласындағы Азаматтық орталықта “Бейбіт атом – Қазақстан болашағы үшін” тақырыбында өткен «дөңгелек үстелде» атап айтылды. Қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан іс-шарада Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Ардақ Аманқосова сөз сөйлеп, атом электр станциясын салудың артықшылықтарын түсіндірді.
Спикер өз сөзінде көпшілікті 6 қазанда өтетін референдумға қатысып, келешектегі ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды. Жиында сөз алған маман «АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу» деген ой-пікірін тарқатып айтып берді.
Сондай-ақ АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпараттармен бөлісті.