«Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты шара өтті

№1жалпы орта білім беретін мектептің кітапханасында 25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты танымдық шара өтті.
Оқушыларды патриоттыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеп, бабаларымыздың ерліктерін ұлағаттауды көздеген шараға аталмыш мектептің мұғалімі Алмагүл Айтуарованың жетекшілігімен 5 “А” сынып оқушылары белсене қатысты.
Шара басында еліміздің әнұраны ойнап, қатысушы ұстаздар мен шәкірттердің оң қолы жүрек тұстарына қойылды. Одан әрі кітапханашы Фариза Құрманова оқушыларға Республика күнінің тарихын айтып, кітапхана бөлмесін ақпарат алаңына айналдырды. Жас өнерпаздар мың бұрала билеп, домбыра аспабында өнерлерін көрсетті.
   Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының беки түсуі, ұлттар арасындағы ынтымақтастығымыздың нығаюы әрбір қазақстандық үшін маңызы зор мәселе. Осы орайда мәртебесі жоғары мерекенің кең көлемде тойланып, өскелең ұрпаққа насихатталуы болашағымызға тигізер пайдасы көп. 


Диана Ізбасарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT