Қазақстан мен Қырғызстан қар барысын бірігіп қорғау туралы меморандумға қол қойды

Меморандум екі елдің төрт ерекше қорғалатын табиғи аумағын қамтиды.

Қырғызстан мен Қазақстан қар барысын сақтау үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Қырғызстанның табиғи ресурстар министрлігі.

Құжат Солтүстік Тянь-Шань тауларында барыс пен оның мекендейтін жерлерін сақтауға бағытталған. Меморандум екі елдің төрт ерекше қорғалатын табиғи аумағы "Көлсай көлдөрі" мемлекеттік ұлттық паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Қазақстан Республикасының Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі, Қырғыз Республикасының "Чун-Кемин" мемлекеттік табиғи паркін қамтиды.

Тараптар бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге және қар барысын зерттеу, қорғау және бақылау саласында тәжірибе алмасуға ниетті. Сирек кездесетін жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру және оны тұрақты ұстау үшін жұмыстар атқарылады.

"Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық сирек кездесетін түрлерді қорғауға және Тянь-Шаньның бірегей табиғи ландшафттарын сақтауға байланысты мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Меморандумға қол қою рәсіміне қар барысы мен оның экожүйесін сақтау жөніндегі жаһандық бағдарлама (GSLEP) өкілдері қатысты.

Фото pixabay

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT