Вашингтонға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары аясында «Air Astana» АҚ мен «Boeing» корпорациясы арасында 18 кең фюзеляжды Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын жеткізу туралы келісімге қол қойылды.
Жаңа ұшақтар жолаушылар ағынын арттыруға және әуе бағыты желісін кеңейтуге мүмкіндік береді, соның нәтижесінде Қазақстан әлемнің ең ірі іскерлік және туристік орталықтарымен тікелей байланыс орнатады.


