Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформажөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция жобасының маңыздылығы туралы айтып, құжаттың өңірлерде кеңінен қолдау тапқанын жеткізді.
Депутат құжатта «Әділетті Қазақстан» қағидатының айқындалғанын атап өтті.
«Қазақстан Республикасының жаңаКонституциясының жобасы алғаш рет Преамбула мен жалпы ережелер деңгейіндемемлекеттік дамудың іргелі бағдарыретінде «Әділетті Қазақстан» құндылығын белгіледі. Әділетті Қазақстан қағидатыҚазақстан Халық партиясы толық қолдайтын әлеуметтік әділеттіліктібілдіреді. Әділетті Қазақстан – «Заң менТәртіп» қағидатын сөзсіз ұстанатын ел; теңмүмкіндіктер елі, кепілдендірілген құқықтармен бостандықтар елі», – деді депутат.
Сондай-ақ, ол тарихи сабақтастық пенұлттық құндылықтарға назар аударды.Оның айтуынша, жаңа КонституцияныңПреамбуласында қоғамдық бейбітшілік пенорнықты дамудың жалғыз қолайлы негізіретінде этносаралық жәнеконфессияаралық келісімге айтарлықтайкөңіл бөлінген. Оның сөзінше, еңбек етугеқұқығы туралы норма ерекше қолдау тапты.
Институционалдық өзгерістер туралы айтакеле, Магеррамов мемлекеттік биліктің жаңақұрылымы жайында сөз қозғады. БірпалаталыПарламентті, «Халық кеңесі» жоғарыконсультативтік органын құру, сондай-ақ Конституция жобасының түбегейліжаңалықтары жаңа бағдар береді. Депутаттыңайтуынша, қазір мемлекет тек процестердібасқаруға ғана емес, азаматтарға қызмет етугенегізделген.
Магеррамов жобаның кеңінен қолдау тапқанына тоқталып, оны референдумғашығаруды ұсынды.
«Мен қазақстандықтардың басым көпшілігінің жаңа Конституция жобасын толыққолдайтынын сеніммен айта аламын. Мұны тек Комиссияның ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық өңірлеріндегі жаңаКонституция жобасын әртүрлі қоғамдық,әлеуметтік топтармен, қоғамдық ұйымдарменжәне еңбек ұжымдарымен талқылау аясында кездесулерді өткізген Халық партиясыфилиалдарының жұмысына байланысты айтып отырмын»,– деді ол.
Мәжіліс депутаты Қазақстан Халықпартиясының фракциясы тарапынанПарламент Мәжілісінде барлықфилиалдарының, сарапшылардың, ғылымижәне заң қоғамдастығы өкілдерінің,кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардыңқатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілгенінатап өтті. Отырысқа 100-ге жуық адамқатысып, азаматтар жаңа Конституцияжобасына бірауыздан қолдау білдірді.
«Жаңа Конституцияның жобасы – өткенкезең мен бүгінгі басымдықтарды түсіне отырып, Қазақстанның болашақтағы жаңабағдары туралы шешім қабылдаған халықтыңбірлігі мен біртұтастығының белгісі деп айтуғаболады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз жаңа Конституцияның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығарудыұсынамыз», – деп қорытындылады сөзінМагеррам Магеррамов.



