18 қыркүйек – Дүниежүзілік пошта одағының (ДПО) 28-ші Конгресі аясында, Дубай қаласында өткен сайлау нәтижесінде Қазақстан Пошталық операциялар кеңесіне мүше болып сайланды.
Пошталық операциялар кеңесі – ДПО-ның негізгі құрылымдарының бірі. Ол халықаралық пошта стандарттарын әзірлеу мен енгізуге, электрондық сауданың трансшекаралық ағымдарын дамытуға, цифрландыруға және жаһандық пошта логистикасының сапасын арттыруға жауапты.
Қазақстанның осы Кеңеске сайлануы – елімізге деген әлемдік қауымдастықтың жоғары сенімін білдіреді. Бұл қадам еліміздің жаһандық пошта күн тәртібін қалыптастырудағы рөлін күшейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қазақстан алдағы уақытта осы алаңды заманауи цифрлық шешімдерді ілгерілетуге, трансұлттық электрондық коммерцияны дамытуға, пошта қызметтерінің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ өңірлік және халықаралық әріптестікті нығайтуға белсенді пайдалануды көздеп отыр.