ҚАУІПСІЗДІК ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАН ҚОРҒАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті. Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс» - деген еді. Бұл бағытта кәсіпорын басшылары өндірістік жарақатты болдырмау, еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін нені қатаң ескеруі керек, оларға қойылатын тиісті заңдылық талаптары қандай?Төмендегі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы М.Елеусінованың мақаласы осы өзекті мәселе жайлы түсінік береді.

Еңбек қауіпсіздігінің сақталуы - жұмыс орнында және жалпы кәсіпорында еңбекті ұтымды ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Жалпы өндірісте жарақат алу технологиялық процестердің жетілмеуі, жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары мен оның конструктивтік кемшіліктері мен техникалық жай-күйі, ауыр жұмысты м е х а н и к а л а н д ы р у д ы ң жеткіліксіздігі, оның ішінде қоршаудың, сақтандырғыш құрылғының, дабыл беру және бұғаттау құралының жетілмеуінің кесірінен болып жатады. Сонымен қатар материалдың беріктік ақауының болуы және конструкциялардың тозуы, пайдаланатын заттардың бұрыннан белгісіз қауіпті қасиеттері әсер етеді.

Зиянды өндіріс аймағындағы ауа құрамының жоғары (ШРК-ден жоғары) деңгейде бүлінуі, жеткіліксіз немесе ұтымсыз жарықтандыру, шу, діріл деңгейінің жоғарылауы, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, рұқсат етілген мәннен жоғары әр түрлі сәулеленудің болуы, с а н и т а р л ы қ - г и г и е н а л ы қ норманың бұзылуы, жұмысшыларды қауіпсіз еңбек әдісіне оқытудағы кемшіліктер де жарақаттануға, кәсіптік аурулар мен улануға душар еткізеді.

Қазір кей мекемеде жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты объектілер мен жұмысшылар саны күрт өсіп отыр. Ондай кәсіпорындарда санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтамаудың салдарынан кәсіптік аурулардың, әртүрлі уланудың, жарақаттанудың ықтималдығы жоғары. Мұндай жұмыс алаңындағы зиянды еңбек жағдайы: бұл ауыр физикалық еңбек, физикалық және химиялық факторлармен жұмыс, жоғары психоэмоционалды жүктемелер, қолайсыз метеофакторлар, белгіленген еңбек және демалыс режимінің бұзылуы, жеке қорғаныс құралын пайдаланбау, жұмыс орынының сәйкессіздігі, техникалық қауіпсіздіктің бұзылуы, аймақтағы жағымсыз табиғи-климаттық жағдай (құрғақ әрі ыстық жаз айлары, салқын желді қыс айлары). Жасыратыны жоқ, көптеген жұмысшылардың еңбек жағдайы ашық ауа астында өтеді. Яғни кәсіби патологияның (ауру мен уланудың) пайда болуына жағдай туғызатын өндірістік ортаның барлық факторлары бар.

Бұл ретте төмендегідей бұзушылықтар анықталмау қажет:

-жұмыс орынындағы с а н и т а р и я л ы қ - г и г и е н а л ы қ талаптардың бұзылуы,

-желдету жүйесінің жоқтығы немесе тиімсіз жұмысы;

- Процестердің санитариялық сипаттамасына сәйкес с а н и т а р л ы қ - т ұ р м ы с т ы қ , жұмысшылардың қысқа уақытқа демалуына, жылу жағдайын қалыпқа келтіруге арналған бөлмелерінің бол- мауы;

-зертханалық тексеру бойынша ауа, шу, жарықтану, микроклимат деңгейінің гигиеналық нормативке сәйкес болмауы;

-арнаулы киім, жеке қорғаныс құралының болмауы немесе пайаланбауы;

-жұмыс ортасына өндірістік бақылаудың орнатылмауы немесе есебін аумақтық СЭБ басқармаларына ұсынбауы;

-медициналық байқаудың мерзімінде өткізілмеуі, басқа да кемшіліктер.

«2018-2022 жылдарға арналған ҚР онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың» 6-тармағын іске асыру мақсатында жұмыс орнында канцерогенді фактордың әсерін төмендету жөніндегі іс- шаралардың іске асырылуын бақылау жүзеге асырылады. Канцерогендік заттарды пайдаланатын өндірістік объектілердің жұмыс орындарын түгендеу (жұмыс ортасында бензол, бенз/а/пирен, никель заттарын бөлетін кәсіпорындар) жүргізіледі.

Негізгі талаптар:

11 тармақ. Зертханалық зерттеулер мен сынақтарды дара кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертханалар базасында не «Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларды (сынақ орталықтарын) тарта отырып жүзеге асырады.

Ұйымдастыру шаралары

-жұмыс орындарында өндірістік бақылауды ұйымдастыру;

-еңбек процесін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау;

-жұмыс орындарын аттестациялауға қойылатын талаптарды сақтау;

- қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

- жазатайым оқиғалардың, апаттардың, өндірістік авариялардың салдарын жою жоспарларын әзірлеу және орындау;

- жабдықтарды, техникалық құралдарды және т. б. жөндеу жоспарларын әзірлеу. (желдету жүйелері, аспаптарды тексеру- ден өткізу, т.б.). С а н и т а р л ы қ - г и г и е н а л ы қ шаралар:

- Жұмыс ортасында оптимал- ды гигиеналық нормативтерді сақтау; - Жұмыс ортасында тиімді желдету жүйесімен қамту, жарықтандыру деңгейін сақтау -жұмысшыларды санитарлық, гигиеналық заттармен қамту, атап айтқанда, дезинфекциялық пленка түзуші препараттарды сақтауға арналған дәрі-дәрмек шкафтары (жұмыс ауысы- мына дейін және одан кейін шағын жарақаттарды өңдеуге арналған), сондай-ақ аяқ терісінің тершеңдігі мен зеңдік ауруларының алдын алуға арналған дәрі-дәрмектер;

2) қорғаныш пасталары мен жуу құралдарына арналған арнайы мөлшерлегіш қондырғылар, көзді жуу препарттары.

Мұндай еңбекті қорғауды жақсарту іс-шарасы - тек формальды түрде емес, қызметкерлердің жарақат алу ықтималдығын төмендетудің, олардың кәсіби ауруларын болдырмаудың негізгі әдісі. Бұл жазатайым оқиғалар, төтенше жағдайлар, өндірістік апаттар қаупін азайтуға да қатысты. Сонымен бірге, жұмыс орындарын жаңғырту, қайта жарақтандыру, еңбек жағдайының қауіпсіздігін арттыру – қызметкерлерді ынталандыру, олардың еңбек өнімділігін арттыру факторына жатады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521