Қауіпсіздік дөңгелектен басталады

Температура төмендеп, алғашқы мұз қатқан шақта жазғы дөңгелек жарамай, көліктің тайғанайтыны белгілі дүние.Сондықтан мамандар ауа райы суыта бастағанда-ақ қысқы дөңгелекке уақытылы ауысудың маңызын ескертіп келеді.

1 желтоқсанға дейін барлық автокөлік жүргізушілері жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыруы қажет.

Қысқы дөңгелек көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы керек, ал протектор үлгісінің қалдық биіктігі 4 мм-ден кем болмауы керек. Қысқы резеңке тежеу жолын қысқартуға және мұзда көлікті басқаруды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі. Төмен температурада жазғы дөңгелектің резеңкесі өзінің қасиеттерін жоғалтып, қатып болады да қажетті тартылысты қамтамасыз етпейді. Сондықтан оны пайдалану қауіпті болады. 

Дөңгелектерді ауыстыруды соңғы сәтке қалдырмаңыздар! Өзіңізге және жолаушыларыңызға көктайғақ пен суық температурада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қысқы резеңкені уақытында ауыстырыңыздар. 

Жолда сіздің тәжірибеңіз ғана емес, сонымен қатар көліктің дұрыс жабдықталуы да маңызды екенін ұмытпаңыз. Өзіңізді және қозғалыстың басқа қатысушыларын да қорғаңыз! 

А.Шабыт

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT