Қауіпсіз қоғам – заң мен тәртіпте

Қарапайым адам үшін заң мен тәртіп – бұл тек қағаздағы ереже ғана емес. Ол – біздің күнделікті өмірімізді қорғайтын негізгі құрал. Заң мен тәртіп болмаса, адамдар өз үйлерінде, көшеде, тіпті жұмыста да қауіпсіздік сезімін жоғалтады. 

 Зорлық-зомбылық – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның проблемасы. Ол балаларға, әйелдерге, қарт адамдарға тікелей әсер етеді. Сондықтан қоғамда әркім заңға бағынуы және бір-бірін құрметтеуі маңызды.

 Сондай-ақ, тәрбиенің рөлі өте маңызды. Балалар мен жастарға дұрыс тәрбие беріп, зорлық-зомбылықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыру – болашақ қауіпсіз қоғамның кепілі. Біз бәріміз заңға бағынсақ, бір-бірімізді құрметтесек, қоғам тыныш әрі әділ болады.

    Қала тұрғыны
  Аманқос Айтбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT