Азаматтық қорғау органдарында ер адамдармен бірдей дәрежеде ең қауіпті мамандықтардың бірі нағыз ер азаматтарға тән жүректілік пен батылдықты талап ететін, күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батыр қызымыз, Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде инженер лауазымында азаматтық қорғау аға лейтенанты Ескендірова Алтынай Ескендірқызы 2016 жылдан бері қызмет атқарады.
Ескендірова Алтынай Ескендірқызы 05.08.1992ж Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында көп балалы жанұяда дүниеге келген. Еңбек жолын 2016 жылы Жылыой ауданы Құлсары қаласы №2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы лауазымында еңбек жолын бастаған. 2018 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде инженер лауазымында қызмет атқарады.
Білімі жоғары, 2009ж-2013ж аралығында «Атырау мұнай және газ» институтының күндізгі оқу бөлімінде «Құрылыс» мамандығын және 2017ж-2019ж аралығында академик Ә. Қуатбеков атындағы «Халықтар достығы» университетінің сырттай бөлімінде «Құқықтану» мамандығын бітірген. Қызмет атқару жылдары (2016ж-2022ж) аралығында департамент басшылығы және аудан әкімі тарапынан 6-дана «Алғыс хатпен» марапатталған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан «Халық алғысы» медалімен наградталды.
Ескендірова Алтынай Ескендірқызы өрт қауіпсіздігі саласына үлкен үлес қосқанына және әріптес болғанымызды әрқашанда мақтан тұтамыз. Қызмет өткеру кезінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Азаматтық қорғау органдарының қызметін реттейтін бұйрықтарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құжаттарды біледі және тәжірибелік қызметте тиімді пайдаланады. Жұмыс жоспарларын, басшылықтың нұсқауларын, бұйрықтары мен өкімдерін уақытында және сапалы орындайды.
Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде шығармашылық, бастамашылық және жаңашылдық танытады. Үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттырып, өзін-өзі дамытып, жетілдіру барысында жүреді.
Сондай-ақ жаңашыл коммуникациялық, ақпараттық технологияларды жетік меңгерген және оларды күнделікті жұмыс барысында тиімді пайдалана біледі.
Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар гарнизоны