Қасиетті өнерге тағзым

.

“Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" жобасы аясында" дайындалған Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің жоспарымен 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның қазынасы – домбыра» тақырыбында  дөңгелек үстел аудандық музейде өткізілді. Шараны аудандық Аналар кеңесі, аудандық музей мен қала әкімшілігі бірлесіп ұйымдастырды. 
  Мақсаты - Ұлттық қазынамыз домбыраны қастерлеп, оның қадір-қасиетін ұрпаққа ұлықтап жүрген ұстаздарға құрмет көрсету. 
 Шараға арнайы қонақ етіп шақырылғандар: 
ҚР "Мәдениет саласының үздігі" медалінің иегері, жоғары санатты Өнер мектебінің ұстазы, мектептегі "Көңіл ашар" фольклорлық ансамблінің алғаш құрушысы және  көркемдік жетекшісі,  және мектеп жанындағы балалар ұлт-аспаптар оркестрі жетекшісі, “Кең Жылыой» мәдениет үйі жанындағы "Халықтық" Ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Балғынбаев Талап Төлепұлы. Талап Балгинбаев сонымен қатар, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда жүлделі болып, Атырау облысының мерейін көтеріп, министрден Алғыс хат алған, ұлттық домбыраны облыс бойынша бес жыл оқып, диплом алған жалғыз орыс этносының өкілі Романов Андрианның ұстазы.
 "Үздік тәлімгер" төс белгісінің иегері, Т.Құлтумиев атындағы №1 Құлсары балалар саз мектебінің домбыра сыныбында 39 жыл ұстаздық еткен, I санатты мұғалім, аудандық қазақ ұлт аспаптар, кейін Ардагерлер ұйымының жанынан құрылған оркестр құрамында болған, бүгінде зейнеткер Ермекова Айман Барақбайқызы; 
 "Өнер-білім дамыту шығармашылық орталығы" төс белгісі иегері, Т.Құлтумиев атындағы №1 Құлсары балалар саз мектебінің мұғалімі, "Үміт" оқу орталығының негізін қалаушысы, Т.Құлтумиев атындағы аудандық кәсіптік оркестлің домбырашылар концертмейстері Мулдашева Жұмагүл Құбайдоллақызы.
Дөңгелек үстелге Құлсары қаласы әкімінің орынбасары С.Сатышева, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы М.Абдигалиева, кеңес мүшесі М.Алғазиева, аудандық музей басшысы М.Қақпанбаев, Майкөмген ауылы Аналар кеңесінің төрайымы А.Жұмабаева және бір топ ауыл Аналар кеңесі мүшелерімен, Қосшағыл Аналар кеңесі мүшесі Ғ.Саренова, Облыстық Ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-нің аудандағы сарапшысы А.Сыдыкова, Құлсары қаласындағы Т.Байсырымов атындағы гуманитарлық-техникалық колледж мұғалімдері, түлектері, ата-аналар, оқушылар қатынасты. 
Шара барысында музейде ауданның белгілі домбырашыларының домбыралары, тақырып бойынша қойылған құнды жәдігерлер экспозициямен таныстырылды.  Отырыс барысында Ұлттық домбыра аспабының жай ғана инструмент емес, оның өзінің қадір-қасиеті, орындалатын әр шығарманы жеткізгенде өз үні, құдіреттілігі туралы да, және де басқа біраз естелік үлгіл өнеге болатын әңгімелер айтылды. Дөңгелек үстел басында қонақтардың орындауында біраз тамаша ән-күй орындалып, жиналған оқушылар да күй тарту етіп, үстел басында ортақ қазақи әндер орындалды.  
 Шараны қорытындылап, Құлсары қала әкімі Қ.Адинов атынан қонақтарға мерекелік құттықтау Алғыс хаты мен гүл шоғын қала әкімінің орынбасары С.Сатышева марапаттады. Аналар кеңесі атынан бағалы сыйлықтарды аудандық Аналар кеңесінің төрайымы М.Абдиғалиева табыстады. 

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT