Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметі өте маңызды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап қаржы саласы дамып, жетіліп келеді. Жалпы Қазақстанның Қазынашылық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы осы еліміздің егемендік алған дәуірімен тікелей байланысты. Мемлекетіміздің нығаюы, бюджетке түсімдердің және қаражат шығыстарының біртіндеп өсуі мемлекеттік қаржылық басқаруды және қаржылық жүйені қайта құруды реформалауды талап етеді. Қазынашылықтың негізгі функциясының бірі – республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы, оған кассалық қызмет көрсету, бюджеттің толық және уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету.
Әрине, қазіргі нарықтық экономика кезінде не нәрсенің болса да қаржыға келіп тірелетіні анық. Осы тұрғыда «экономика және жалпы қаржы жүйесінің күретамыры болып саналатын қазынашылық саласы немен айналысады?» деген сауал туындайды. Әрине, ондағы қызметкерлердің жұмысы тек мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысын төлеумен шектелмейтінін бірі білсе, бірі білмейді. 1994 жылы еліміздің Қаржы министрлігі жанынан қазынашылықтың бас басқармасы құрылды.
Бүгінде Қазынашылық жүйесінің құрылғанына 31 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстан қазынашылығы еліміздің бюджет жүйесінің бір бөлігі ретінде қалыптасып, даму жолынан өтіп, мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінде маңызды және беделді орынға ие болды. Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында қаржы саласындағы негізгі мемлекеттік органның бірі - Жылыой аудандық қазынашылық басқармасы жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, олардың атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету және де квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің шоттарына операцияларды, төлемдерді уақытылы өткізу салаларындағы тетіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органы саналады.
Басқарманың басты қызметі – мемлекеттік бюджеттің орындалуын, мемлекеттік мекемелердегі барлық қаржылық іс-әрекеттердің есепке алынуын қадағалау. Ол қазынашылық мемлекеттік қаржыны нақты басқарудың ақпараттық негізі, сондықтан ол барлық деңгейдегі бюджеттік іс-әрекеттердің орындалуын қатаң бақылайды. Білікті, өз ісін жетік меңгерген қазынашылық қызметкерлері кәсібилігінің арқасында мемлекеттік қаржыны тиімді басқару және бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету жолында жемісті жұмыстар атқарып келеді. Бүгінде Қазынашылық саласы - тұтас цифрланған электронды жүйе.
Қазынашылар көптеген қызметтерді жүзеге асырады. Әрине, өмірде тұрақты еш нәрсе жоқ, барлық әлем алға ұмтылуда, күн сайын жаңа технологиялар, жаңа инновациялар дамуда.Сол себепті алдағы уакытта қазынашылық мамандары жұдырықтай жұмыла еңбек етіп, еліміздің қазынашылық жүйесін одан әрі дамытатынына сенемін.
Гүлзия Талапова,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы