ҚАРУ ТАПСЫРҒАН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛМАЙДЫ

Биылғы жылдың 22 сәуірінен бастап республика бойынша заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу акциясы өткізіледі.

Атыс қарулары мен оқ-дәрі және жарылғыш заттар, олармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың сәуір айының 22-нен бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізіледі.

Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр. Атап айтқанда:

- иір ойықты автоматтарға

– 369 200 теңгеге дейін,

- иір ойықты винтовкалар мен карабиндерге

– 184600 теңгеге дейін,

- иір ойықты пистолеттер мен тапаншаларға

– 147680 теңгеге дейін, - тегіс ұңғылы атыс қаруларына

-110760 теңгеге дейін,

- жарақат салатын қаруларға – 36920 теңгеге дейін,

- әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 25844 теңгеге дейін,

- жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 22152 теңгеге дейін,

- иір ойықты қару патрондарының әр бірлігі үшін – 105,49теңге.

Бұл заттарды аудандық полиция бөлімі қабылдайды. Ол үшін сізден кажетті құжаттар: жеке куәлік көшірмесі мен есеп-шотыңыз туралы (реквизит) банктен алынған анықтама ғана.

Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Аудандық полиция бөлімі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, «102» нөмеріне немесе 8-778-485-95-97 ұялы телефонына хабарлауын сұрайды.

Аудандық полиция бөлімі осы акцияны қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайдан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде тапсыру үшін тез арада шешім қабылдауға ұсыныс жасайды.

Шыңғысхан БАГИТОВ,

аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521