Қарасаздың ғана емес, қалың қазақтың ақыны

№1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІН КИЕ ТҰТҚАН, АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ «ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?!»

АТТЫ ЖЫР КЕШІ ӨТКІЗІЛДІ. ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ А.ҚАЛИЕВА МЕН ОҚУШЫЛАР ЕДІ.

Балалар ақынның «Үш бақытым», «Шеше, сен бақыттысың», «Әйелдер-ай», «Бүгін менің туған күнім», «Майгүліме», «Әке», «Ей,өмір», «Ғашықпын», «Фаризаға», «Өмір сүрейік алмасып» атты өлеңдерін оқыды.

Қарасаз ауылынан шыққан Мұқағали сол ауылдың ғана емес, исі қазақ жұртының ортақ перзентіне айналды.Мұқағали өлеңдері әрдайым көңіл пернелерін дөп басып жатады. Дана да дара тұлға Мұқағали ақынның өлмес поэзиясымен ортамызда әлі тірі екендігіне бүгінгі кеште оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жырсүйер елі куә.

«Жылдар өтер, әлі небір талантты ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін көкке көтерген Мұқағали есімі қашанда халық жүрегінде» деген оқырмандар кештен үлкен әсер алып тарасты.

Зеріп НҰРХАСАНОВА,

кітапхана меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT