Карантинде тазалықты да естен шығармағанымыз дұрыс-ау

Тазалық тақырыбын не себепті қозғады дейсіз бе?

Құлсары қаласына тән ерекшелік бұл - жаз айларының басым бөлігінде аптап ыстықпен қоса шаңды дауылдар жиі болып тұрады. Жергілікті тұрғындар бұл құбылысқа әбден үйреніп, бейімделіп те алғанбыз.

Жә, айтпағым бұл емес еді. Жұмысқа қатынау үшін көпшілік қоғамдық көлікті пайдаланамыз. Бірде "маршрутымды" күтіп аялдамада тұрғанмын, адамның қарасы көп екен, шеткері тұсына ығысыңқырап тұрдым. Сол жерде аяқ астында жатқан бір реттік резеңке қолғаптар еріксіз көзге ілікті. Яғни сақтық шарасы үшін киілді де кез келген жерге тастай салынған болып тұр.

perchatka

Сонда қалай? Әлемді жайлаған індеттен қорғанудың ең алғашқы әрі маңызды талаптарының бірі - бетперде, қолғап емес пе еді? Денсаулық сақтау саласы мамандары қорғаныш құралын пайдаланып болған соң қалай болса солай, кез келген жерге лақтыра салыңдар демеген болар. 

perchatka2

Тазалыққа жауапты адамдар қаланы үнемі қадағалап, тазартып отырады. Дегенмен, үнемі жел тұрып, дауылдатып тұратын қаламыздың ерекшелігін ескерсек, бақылауда ұстау қиынға соғады.

Қадірменді құлсарылықтар, пайда әкелмесек те, ең болмаса, зиянымызды тигізбейік дегім келеді. 

Ж.Нығмет

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT