Карантин талаптары өзгертілді

Карантин

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы "Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық  инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы" №62 қаулысына өзгеріс енгізілді.

1) Бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 09:00-дан 22:00-ге дейін рұқсат берілсін;

2) Отырғызу орындарының жалпы санынан 50% - дан артық емес толтырылуы, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) рұқсат берілсін;

3) Ашық алаңдағы аттракцион қызметіне тиым салынсын;

4) Сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін;

5) «Үйге жеткізу» принципі қызметінен басқа қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне тиым салынсын;

6) Саяхаттау катерлер қызметіне (өзен трамвайы) тиым салынсын;

 

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Гайнеденов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз