Карантин талаптарына бағынамыз

Жаңа Қаратон кентінде коронавирус инфекциясының алдын алуда жасалып жатқан жұмыстары

Жаңа Қаратон кентіндегі инфекцияны болдырмау шаралары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай еңгізу туралы» №285 Жарлығымен және оны жүзеге асыру үшін берілген нұсқаулықпен халықты құлақтандыру үшін кенттегі барлық мекемелердің басшыларымен шұғыл жиналыс өткізілді.

Бүгінде Жылыой ауданы аумағында шектеу шаралары 2020 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды. Кент тұрғындарына шектеу шаралары түсіндіріліп, короновирус инфекциясының алдын алудағы сақтық шаралары туралы инстаграмм желісі арқылы хабарланып отыр.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылы 29 наурыздағы № 8 қаулысына сәйкес коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Атырау қаласында карантин жарияланып, Атырау облысы бойынша бірқатар шектеулер қойылған. Бұл туралы да 2 сәуір күні полиция қызметкерлерімен бірлесіп кент көшелерін аралап, дауыс зорайтқыш арқылы хабарладық.

Жаңа Қаратон кенті әкімі аппаратында құрылған жұмысшы топ дүкендерді аралап, осы сауда орындарындағы санитариялық - дезинфекциялық жұмыстарын тексерді. Тұтынушылардың дүкендерге маска мен медициналық қолғаппен кіруі қатаң қадағалануда. Бүгінде дүкендердің жұмыс жасау уақыты сағат: 9.00-ден кешкі сағат: 20.30-ге дейін.

Жаңа Қаратон кенті жастарының ұйымдастыруымен тұрмыс жағдайы төмен, материалдық жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барынша қолдау көрсетілуде. Оларға тегін азық-түлік таратылды. Мұндай қайырымдылық шаралары алға қарай да жалғасын табады.

Кенттегі «Жігер», «Мейірім» атты волонтерлер тобы, №22, 23 мектеп мұғалімдері, «Шапағат» балабақшасы, №4 спорт мектебінің қызметкерлері, кент тұрғыны Ж.Есмағамбетова ауылдастарына тегін 420 дана бетперде таратты. Көшедегі аялдамалар мен ойын аландарына дезинфекциялау жұмыстары аптасына 2 рет жүргізілуде.

Кент тұрғындарының кешкі сағат 21.00-ден кейін тұрғын үйлерінен шықпауын учаскелік полиция қызметкерлері қадағалауда.

Жалпы Жаңа Қаратон кенті тұрғындары еңгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, әлемді жайлаған дертті жеңуге арналған жұмыстарға қолдау білдіруде. Олар сабырлық танытып, бірліктің үлгісін көрсетуде. 

 janakar201

 

С.Исақанова,

Жаңа Қаратон кент әкімі аппараты бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521