Карантин күшейтілді: Атырауда жаңа қаулы шықты

Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы Қаулы шықты.

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін.

Денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, құрылыс жұмыстарын жүргізуді және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметін (өндіріс аймағында) қоспағанда, меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, субъектілер Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізсін және пайдалансын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.»

Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №55 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары Теңізде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлердің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтай отырып, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.

Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етсін:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, №68 қаулыларының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде орындау;

2) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарындағы қызметкерлері вахтадан шығу (кіру) кезінде COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын алғаны туралы құжаты болғанда COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшаулануды қажет етпейді. Екпе алмаған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар жұмысшылар 7 күн оқшаулауға жатады.

COVID-19-бен сырқаттанған науқаспен қарым-қатынаста болған (жақын қарым-қатынаста) адамдар вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаты болған жағдайда аурудың клиникалық белгілері болмаса ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшауланбайды. Вакцина алмаған, жақын қарым-қатынаста болған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар адамдар 14 күн оқшаулауға жатады.

3) Вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының №25 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру.

4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 қаулысында көрсетілген объектілер/ұйымдар саласында қызметті жүзеге асыратын, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын кәсіпорындардың вакцина алмаған қызметкерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вахтаға келгенге дейін 7 күн оқшаулау және COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі болған кезде міндетті ПТР тестілеуден (7 күнде 1 рет) босатылады.

5) өндірісті қамтамасыз етуге тартылған көлік құралдарының және өнеркәсіптік кәсіпорынның аумағынан тұрақты тұратын жеріне жеткізуге жататын персоналды, қызметкерлер мен өндірістің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік тауарларын, жануарлардан алынатын тауарларды, дәрілік заттарды, дәрі-дәрмектерді, құрылыс материалдарын, ЖЖМ тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілері, шұғыл медициналық көмек көрсететін жағдайда 72 сағат ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялау немесе COVID-19-ға теріс ПТР тестілеу нәтижесі болған кезде өнеркәсіптік объектінің аумағына жіберіледі.

6) вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындардың COVID-19 диагнозымен стационардан шығарылған қызметкерлері тіркелген сәттен бастап 14 күнге дейін инкубациялық кезең аяқталғанға дейін (14 күн) кәсіпорындардың карантиндік стационарларында қосымша оқшаулауға жатады.

Атырау облысының тұрғындарына:

1) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы үйден дереу медициналық көмекке жүгінуге;

2) 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;

3) 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алу жағдайларын, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;

4) халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі;

5) көпшілік іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;

6) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынсын;

«Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан тоқтатылсын:

1) көпшілік іс-шараларды (мерекелік, көпшілік мәдени іс-шараларды, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

2) ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), кальян, түнгі клубтардың, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің қызметіне;

3) марафондар, көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге;

4) ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлерінің жұмысына (демалыс саябақтарында, алаңдарда);

5) алаңдардағы, саябақтардағы, скверлердегі, жағалаудағы балалардың, ересектердің жылжымалы ойын құралдарының ұсақ бөлшек саудасына, жалға беруге;

6) жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуге рұқсат етумен, оффлайн режимде өткізуге;

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеу:

1) меншік нысанына қарамастан субъектілердің, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру, бұл ретте қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс жасау үшін ұйымдар, офистер қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда егілмеген қызметкерлер арасынан пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескеріп жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдардың және CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі;

2) Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі–ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысын жұмыс күндері штаттық режимде ұйымдастыру, сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салу. Карантин шараларын сақтау үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» телеграмм-ботпен брондау арқылы бару ұсынылады;

3) мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;

4) балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысы 50%-дан артық емес толтырумен;

5) медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша;

6) діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30%-дан аспайтын және бір келушіге кемінде 5 м2 қамтамасыз ете отырып, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілсін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерге – «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс жұмыс жасайтын өзге объектілерге жұмыс күндері сағат 22.00-ге дейін (сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілерге жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, азық-түлік жәрмеңкелерін, тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметі демалыс күндері тоқтатылсын. Сондай-ақ демалыс күндері рұқсат етілсін:

– құрылыс жұмыстарын жүргізуге;

– өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;

– жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;

– туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.);

– қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне;

– ашық азық-түлік базарларының жұмысына тек сенбі күні рұқсат етілсін;

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.

Қоғамдық көліктің жұмыс режимі жұмыс күндері және сенбі күні штаттық режимде, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, барлық есіктерін ашуымен белгіленсін, жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынсын. Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізу қамтамасыз етілсін. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.

Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жандандырылсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беру қамтамасыз етілсін.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:

– «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» №68, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын;

– облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын;

Атырау облысының Полиция департаментіне:

– шектеу шараларын сақталуы бойынша патрульдер ұйымдастырсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталса, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына дереу материалдар жіберсін;

Атырау облысының Ішкі саясат басқармасына:

– облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын жою мен оның таралуы тәуекелдерін азайту бойынша қабылданған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық қолдау жүргізу.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі №15 «Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» және 2021 жылғы 26 шілдедегі №18 «Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі №15 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының, Атырау қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №157 «Атырау қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» және 2021 жылғы 31 шілдедегі №158 «Атырау қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №157 «Атырау қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ә.А.Бекешеваға жүктеймін.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

М.Танауов,

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521