Қарағайлықтарды қауіпсіз аймаққа көшіру туралы шешім қабылданды

Құрметті аудан тұрғындары!

Жылыой ауданына қарасты Қарағай елдімекенінде Жем өзенінің арнасынан асып тасуына орай, су тасқыны Қарағай елді мекеніне кіру қауіпі туындауына байланысты, Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, Қарағай елдімекенінің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады.

Бірінші кезекте көшіруге жататын адамдар санаты:

әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III- топтағы мүгедектегі бар азаматтар.

Қабылдау пункттері:

• №18 орта мектеп ғимараты

• №8 мектеп ғимараты

• №1 орта мектеп ғимараты

Қарағай елдімекенінің басында қабылдау пункттеріне жеткізетін автобустар жүреді.

Өздеріңізбен бірге жеке бас құжаттары, қажетті заттарыңызды (шағын төсек орын т.б.) ала баруларыңыз сұралады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521