Қарағайдағы қарбалас

Бақашы арнасынан асқан Жемнің өр суы Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елді мекені тұрғындарын да кешеден бері әбігерге салып жатыр. Ауыл іргесіндегі терең сайды толтырған су іргедегі үйлерге қауіп төндіре бастады. Алғашқыда мұндағы ағайынның өз күшімен бөгелген тасқынға тосқауыл қою үшін аудандық жедел штабтан түнде арнаулы техникалар бөлініп, көмекке келді.

Қосшағыл округінің әкімі Жанғазы Берікұлының айтуынша, мұнда 43 үйде 156 тұрғын тұрады. Олар түнімен көз ілмей тасқынға қарсы тұрып, бөгет іргесін 1000-ға тарта топырақ толтырылған қапшықпен бекіткен. Оның үстіне, ауыл іргесінде жұмыс жасап жатқан жүк көліктері мен трактор жүргізушілерін өз қаражаты есебінен азық-түлікпен және жанар жағармаймен қамтып отыр.

Техника, негізінен, "Өмірзақ сервис" пен "KazGlobalColution" ЖШС-ның транспорт құралдары. Ішінде ауыл тұрғындарының өз ауыр көліктері де бар. Тұрғындармен күш біріктірген әкім мен арнаулы техника жүргізушілері ауылды тасқын судан қорғап қаларына сенімді.
Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521