Қарағай су астында қалды

Кеше ғана «Қарағайдағы қарбалас» жайлы хабар таратқан едік. Онда Құлсары қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан Қосшағыл ауылдық округіне қарасты елді мекен тұрғындары мен жедел штаб өкілдерінің тасқынға қарсы тосқауыл қойған әрекеттері жайлы жазғанбыз. Бірақ түнде Қарағайды су басу қаупі төніп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы шұғыл шешім қабылданды және ауданда төтенше жағдай жарияланды.
Кейін білгеніміздей, бірқатар қарағайлық азаматтар ауылынан кетуге асықпаған көрінеді. Десек те, бүгін таңертең әлеуметтік желіде Қарағай ауылын су басқандығы жайлы бейнебаян тарады. Іле-шала оған жақын орналасқан «Болашақ» ықшамауданы тұрғындарын да қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521