Қара жәшіктің Бразилияға жөнелтілуі оң шешім болды

Қазақстан қара жәшіктерді ашу үшінБразилияға беру туралы шешімқабылдады. Бұл, өндіруші елдіңтехникалық жабдықталуының жоғарыдеңгейіне байланысты болуы мүмкін.

Өз кезегінде бұл қайғылы оқиғаның орын алу себептерін жан-жақты түсіну үшінөте маңызды және процестің ашықтығынқамтамасыз етеді. Ресейге рейстіорындаған Әзірбайжан әуе компанияларының ұшағы Қазақстанаумағында апатқа ұшырады. Бұл факткөпшіліктің назарын аударды жәнедеректерді талдау үшін тәуелсіз тараптытаңдауда маңызды рөл атқарған болуы мүмкін. Қазақстан өзінің көпвекторлысыртқы саясатын ұстана отырып, жағдайдың эмоционалды сипат алуына жол бермейді. Сол жағынан алғанда, бұл өте дұрыс шешім болды деп айта аламын.

Мұндай қадам тергеудің әділ өтуіне септеседі деуге негіз бар. Жаңа жылқарсаңында болған қайғылы оқиға ауырсоққы болды. Көп адам, оның ішіндеҚазақстан азаматтары қаза тапты жәнебұл олардың рухына ерекше құрметкөрсетуді талап етеді. Сондықтан апатсебептерін анықтауда дәлдіктіқамтамасыз ету өте маңызды. Егерүшінші елге келе жатқан шетелдік ұшақҚазақстан аумағында апатқа ұшырағанжағдайлар туралы айтатын болсақ,сарапшылар тарихта мұндай оқиғалар бұрын болмағанын мәлімдейді.Сондықтан бүгінгі шешім тергеудіңобъективтілігіне күмән келтірмеу үшін тәуелсіз тарапты тартудыңмаңыздылығын тағы бір мәрте көрсетіп отыр.

Таисия Мармонтова, саясаттанушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT