.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне және аудан әкімінің өкіміне сәйкес, Сагинов Ербол Нұртайұлы Қара Арна ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа әкімді ұжымға аудан әкімі Ж.Қаражанов таныстырып, абыройлы қызмет пен халық сенімін ақтауға тілектестік білдірді.
Сагинов Ербол Нұртайұлы — 1983 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары.
Ол еңбек жолын 2010-2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы бойынша салық басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. Кейін 2018–2022 жылдары «ТасАвтоСервис» ЖШС-де түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2022–2024 жылдары Жылыой ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. Ал 2024 жылдың қаңтар айынан бастап аудан әкімінің бас инспекторы болып қызмет еткен.