Қар құрсауында қалған бірде-бір адам қаза тапқан жоқ. ТЖМ басшысы фейк ақпараттарды жоққа шығарды

Бірқатар аймақтарда қардың қалың түсуіне байланысты шектеулер қойылды. «Құтқару» операцияларына ТЖМ, ІІМ, әкімдіктердің қызметкерлері қатысты. 112 желісі бойынша 7000 – нан астам хабарлама келіп түсті - деді ТЖМ басшысы Юрий Ильин. Бөлімшелер кәсіпқойлық танытты, қар құрсауында ешкім қаза болған жоқ.

«Интернетте тараған үсіп қалғандар, қайтыс болғандар туралы фейк ақпараттар шындыққа жанаспайды деп айтқым келеді. Қар құрсауында және кептеліс салдарынан бірде-бір адам зардап шеккен жоқ. Жолдарда уақытша орналастыру пункттеріне көшіру, орналастыру бойынша көмек уақытылы көрсетілді. Тек осы жол учаскелеріндегі апатты жағдайға байланысты жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар болды. Жалпы, мереке және соңғы күндері өткізу пункттерінде 1200-ден астам автокөлік тұрып қалды, 1000-нан астам адамды біз әртүрлі көлік құралдарынан эвакуацияладық, соның ішінде жылыту пункттеріне жеткіздік, психологиялық көмек те, жергілікті атқарушы органдардан тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша да уақтылы көмек көрсетілді. ТЖМ бөлімшелері мен аумақтық бөлімшелерде тікелей орналастырылған штабтардың телефондарына 230-дан астам қоңырау келіп түсті. 7000-нан астам түрлі ақпараттық - анықтамалық хабарламалар келіп түсті, оларды 112 қызметі де қабылдады», - деп сендірді спикер.

ortcom.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521