Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түсті. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.
✔️Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.
🔺Қар барысын бірге сақтайық!
🔺Сохраним снежного барса вместе!